Көлгіновтің көлігі 17 миллион тұрады

Батыс Қазақстан облысының әкімі жаңа қызметтік көлікпен көзге түсті. Әкімнің баспасөз қызметі бұл автоның полиция қаражатына алынғанын айтады деп хабарлайды Жас Алаш uralskweek.kz басылымына сілтеме жасап.

Көлгіновтің көлігі 17 миллион тұрады

Қара түсті мемлекеттік нөмірі 001 RK 07  KIA Quoris авто машинасы 15 қыркүйек күні марафонға орай жабылған жерден өтіп кетпек болған. Жол полициясына жүргізушіні тоқтатқанымен сәттілік тілеп қала берді.

БҚО басшысының баспасөз хатшысы Дәурен СӘКЕН бұл машинаның Алтай Көлгіновке тиесілі екенін растады.

 – Бұл автомобильмен әкімнің жүргеніне бірнеше ай болды. Және су жаңа авто емес. 2015 жылы зауыттан шыққан. Облыстық ІІД-ті 17 миллион теңгеге сатып алған-ды. Солардың балансында болған еді. Биыл әкімшіліктің қарауына өтті, — деді Дәурен Сәкен.

Сондай-ақ, баспасөз хатшысы әкім астындағы көліктің қазақстанда құралғанын атап өтті. Облыстық ІІД-ті  KIA-ның қымбат моделі болып есептелетін көлікті былтыр сатып алған. Сол кезде полиция басшылығы қымбат премиум-класс көлігі ресми делегаттар үшін сатып алынды деп түсіндірген.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында БҚО әкімшілігі ІІД-не қымбат Toyota Land Cruiser 200 авто көлігін берген еді. Соған қарағнада бұл айырбас.

Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа сүйенсек, 2018 жылдың басынан бері БҚО-ғы мемлекеттік мекемелер 23 қызметтік көлік сатып алған. Автопарктегі көліктердің жалпы құны 149 млн. теңге.