Жақсыбеков зейнетке кетті, Сапарбаев пен Ахметов қашан кетеді?!.
2018 ж. 13 қыркүйек
4165
0
Қазақстандағы саяси элитаның ең беделді өкілдерінің бірі Әділбек Жақсыбеков зейнет жасына толуына байланысты қызметінен кетті. Мемлекет басшысының мұндай шешімге келуіне не себеп болғанын білмейміз, алайда "зейнеткерлік жасқа толды" деген сылтау ғана екені белгілі. Себебі, Жақсыбеков былтыр зейнеткерлікке шығып қойған.
Естеріңізде болса, атышулы Аслан Мусиннің өзін зейнет жасына толғаннан соң, екі күннен кейін жұмыстан қысқартқан болатын.
Қалай болғанда да, шешім қабылданды. Исекешевтің Президент әкімшілігіне баруы Елбасының жас кадрларға көбірек көңіл бөле бастағанын көрсететін секілді.
Дегенмен, саясатта зейнет жасына толса да әлі күнге дейін лауазымды қызметтерді атқарып жүрген шенеуніктер аз емес.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те Жақсыбековтың құрдасы. Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бұлардан, тіпті, бір жас үлкендігі бар. Бұл сөз арасында есімізге түсіп отырғандары ғана.
"Жас келсе іске" деген атам қазақ. Биліктегі бұл өзгерістердің оң әсері болса екен деп үміттенеміз...
А. Сағидолла, Қазақ үні