МӘМИ НЕГЕ ҚАЗАҚТЫҢ ЗАҢДЫ ТАЛАБЫН ТӘРК ЕТЕДІ?

  Бүгін ҚР Сенатының спикері Қайрат Мәми орыс тілді ақпарат құралдарының журналистеріне сұхбат беріп, Конституцияға мемлекеттік тілге қатысты өзгерістер енгізілмейтін мәлімдепті. Қайрат Мәми мырза көсіле сөйлеп, еліміздегі тыныштыққа ұйытқы болып тұрған орыс тілі. Ал, қазақ тілі онсыз да мемлекеттік тіл, біз үшін ең бастысы қоғамдағы тыныштық пен бейбітшілікті сақтау депті. Ол тәуелсіздік жылдарындағы ең басты жетістік ретінде ұлтаралық татулықты атап өтіпті. Әрине, сенат «серкесінен» жұртшылық мұнан өзге ештеме күткен емес. Ертең Елбасы олай-бұлай бола қалса, ел тізгінін уақытша болсын қолына ұстайтын елдегі №2 екінші тұлғаның да орыс тіліне бүйрегі бұрып тұратыны бұрыннан белгілі. Оны өзі де айтыпты - спикердің пікірінше, қазақстандағы ұлтаралық татулық көптеген қазақтардың орысша сөйлеуінің арқасында мүмкін болып отыр екен. Ойпырым-ай, қазақтар өз тілінде сөйлесе елімізде соғыс басталып, ұлтараздығы қозып кетеді екен ғой?! Бұл пікір жалтақ, сатқын, құлдық санадан арылмаған, орысшыл, мәңгүрт қазақтардың барлығының қазіргі көтерген ұрандарына, ұстанымдарына айналып бара жатқаны өкінішті. Қалың қазақтың үкілі үміті мен заңды талабын осылай тәрк еткен  Мәми мырза ұлтжанды қазақтарды одан әрі табалай түсейін дегендей, «Парламент биыл да, таяу болашақта да Конститцияға өзгеріс енгізіп, орыс тіліне қиянат жасамайды» деп шіреніпті. www.masa.kz интернет газеті

*Тақырып өзгертілді