Атырау облысына іссапары кезінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаев полицейлер арасындағы реформа жасау мәселесін көтерді. Бұл туралы "Қазақ үні" ақпарат агенттігі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Елбасы Грузияда полицейлердің бәрін жұмыстан қысқартып, орнына сауатты заңгерлерді алғанын айтқан. Президент Қазақстанда да осындай шара қолдану туралы ойланып жүргенін жасырмады.
"Мүмкін, солай полицейлерді жұмысынан шығарып, орнына заңгерлерді алуға тура келетін шығар", - деді Президент.