"Біз ешқашан экспансияға ұмтылмаймыз" Қытай қандай уәде берді?
2018 ж. 15 шілде
2740
0
Қытай бейбіт даму жолын ұстанады және ешқашан басқа елдер үшін проблема тудырмайды. Бірақ бірде-бір мемлекет өз қалауымен Қытайдың мүддесіне зиян тигізе аламын деген бос қиялға берілмесін, деді ҚКП ОК саяси бюросының мүшесі, ҚКП ОК халықаралық мәселелер жөніндегі басқарушы топтың хатшысы Ян Цзечи.
Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады."Біз бейбіт даму және өзара тиімді ынтымақтастық, сондай-ақ тәуелсіз халықаралық саясат жолын ұстануды жалғастыруды көздеп отырмыз. Қытайдың қаншалықты дамыған елге айналатынына қарамастан, біз ешқашан өз ықпалымызды кеңейтуге, экспансияға, үстемдікке ұмтылмайтын боламыз", — деді Ян Цзечи жыл сайын Бейжіңде өтетін 7-ші Жаһандық бейбітшілік форумының ашылу салтанатында.
Оның айтуынша, Қытайдың бейбіт даму жолын ұстануы елдің күндердің бір күнінде заңды құқықтары мен мүдделерінен бас тартатынын білдірмейді, деп жазады РИА Новости.
"Қытай бейбіт даму жолын ұстанады және біз басқалардан да соны күтеміз. Біз өз егемендігімізді, қауіпсіздігіміз бен дамуымызды қорғауға, кесіп өтуге болмайтын "қызық сызық" ретінде түпкі мүддемізді сақтауды көздеп отырмыз", — деді Цзечи.
Сондай-ақ, ол "Қытай басқа елдер үшін проблема тудырмайды, бірақ бірде-бір мемлекет өз қалауымен ҚХР-дың мүддесіне зиян тигізе аламын деп бос қиялға берілмеуі керектігін" атап өтті.