Ким Чен Ын әйгілі генералды атып тастады (ВИДЕО)
2018 ж. 10 шілде
5403
0
Ал ендеше! Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын генерал-лейтенант Хён Чу Сонды жазалау туралы тапсырма берді, деп хабарлайды Daily Mail.
Сөйтсек офицер өз әскерлеріне қосымша тамақ тарату туралы бұйрық беріпті.
Қолбасшыға ату жазасы шығарылыпты. Жазалау Пхеньяндағы академиялардың бірінің аумағында жүзеге асырылған.
Атап айтарлығы, генералды ату өлім жазасына кесілген 9 сотталушыға жүктеліпті. Олардың әр қайсысы генералды 10 реттен атқан.
Хён Чу Сонға «өкілетін асыра пайдаланды» және «партияға қарсы қызмет етті» деген айып тағылыпты.
Белгілісі, генерал Сохэ зымыран айлағындағы әскери қызметшілер мен олардың отбасыларына қосымша бір тонна отын (жанар-жағар май), 580 килограмм күріш және 750 килограмм жүгері жіберу туралы нұсқау берген.
Басылымның дерекөзінің айтуынша, мұны естіген Ким Чен Ын ызадан булығып, жарыла жаздапты. Ол генералды атып тастау туралы бұйрық беріп, бұл — «идеологиялық уландыру» депті.
Дереккөз: kaz.365info.kz