Назарбаев: Си Цзиньпин екеуіміз бір-бірімізге қатты сенеміз

10
2818

Мемлекет басшысы БАҚ өкілдеріне арналған брифинг барысында ҚХР Төрағасымен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Қытай Халық Республикасының лидері Нұрсұлтан Назарбаевты келіссөздер кезінде «ағам» деп атады. Бұл жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Осы орайда, Президент әлемдік деңгейдегі лидерлермен қарым-қатынасы туралы айтты.

«Төраға Си Цзиньпин екеуіміз бір-бірімізге қатты сенеміз. Ол Қазақстанға, маған қатысты қаншама жақсы сөздер айтты. Тіпті, ортақ келіссөздер кезінде «ағам» деп атады. Мынадай елдің төрағасы аға болып отыру қалай, иә?» – деп күлді Мемлекет басшысы.

10 ПІКІРЛЕР

  1. Олар қазақ халықының мақтау сүйгіштігін баяғыдан байқап қойған,Мақтаса болды барлығын бере саламыз біз сондай халықпыз.Баяғыда ата бабаларымыз айтқан қара қытай қаптаса сары орыс әкеңдей көрінеді деп сол кезінде дұрыс айтылған.Бұл Қытайлар кәпірлерден де жаман халық,бұл халыққа өмір сүруге қолайлы жер болса болды сол жерде өмір сүре береді,бауыр туысөқан деген жоқ не болса соны жей береді сасық оны барлығымыз интернеттен көріп жүрміз ғой ол ешкімге жасырын емес

  2. Бәрі дұрыс сондада болса қытай азаматтарының кіріп тұруына шектеу қоймаса болмайды қанша дегенмен Ресейденде кушті алпауыт мемлекет, оның үстіне халықы өте көп түптің түбінде ол бізге қауіп болып есептеледі.Олар соғыспай ақ Сингапурды жауып қалғандай біздіде жауып қалады.

  3. Мына жерде пікір жазғандар тегіс билік көттақылары екен. Ешбір ел басшылары бір біріне «туыс» бола алмайды. Болмайды да. Іздегендері тек қана өз елінің, халқының мүддесі ғана.
    Ал мен бұл жерден Назарбаевтың тек өзінің жекебасы, болмаса жанұя мүддесін ғана көріп отырмын.

  4. Қазақстан мен Қытай елдерінің ортақ жобалары өте көп. Осындай ортақ жобалар арқылы екі ел өздерінің экономикаларын жақсартып жатса қанеки?! Президентіміздің сыртқы саясатына сөз жоқ!

  5. Қытай елімен байланысымыз уақыт өткен сайын нығая түсуде. Ия, осындай жақсы қарым-қатынасты пайдалана отырып, біраз мәселелерімізді де шешіп ала беретін боламыз. Тек қана сәттілік!

  6. Сеніммен құрылған қарым-қатынастың өте мықты болатынын айтқым келеді. Елбасымыз, достықтың арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізіп үлгерді осы уақытқа дейін. Осы бағыттан жаңылмасақ болғаны.

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз