АҚШ және Солтүстік Корея басшылары алғаш рет қол алысты (ВИДЕО)

Тарихта бірінші мәрте АҚШ пен Солтүстік Кореяның мемлекет басшылары кездесті. Мұның алдында бірнеше ай бойы Дональд Трамп пен Ким Чен Ын бір-біріне қоқан-лоққы жасап келген болатын. Екі лидер Сингапурдың Сентоза люкс-отелінде қол алысып, одан соң шамамен қырық минуттай оңаша әңгімелесті, - деп хабарлады baq.kz.

Дональд Трамп пен Ким Чен Ын екі ел арасындағы шиеленісті бәсеңсітіп, ядролық қарусыздану жайын талқыламақ.

Саммит немен аяқталады деген мәселеге қатысты сарапшылардың пікірі екіге жарылып отыр. Бірі бұл Кимнің жеңісі, өйткені оған пропаганда жасап отыр десе, екіншілері бейбітшілікке бастайтын жол ретінде бағалайды.