Халықаралық іздеу жарияланған Бақыт Ибрагим Германиядан экстрадицияланды
2018 ж. 02 маусым
2428
0
Халықаралық іздеу жарияланған қазақстандық Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды "Қазақ Үні" ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бас прокуратура қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, «Лидер Нефтепродукт KZ» ЖШС-ның директоры Бақыт Ибрагимді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Германиядан экстрадицияланған.
«Ұсталған алдын ала сөз байласқан адамдар тобымен «Bank RBK» АҚ-нан аса ірі көлемде ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен жымқырған деп күдіктелінуде. 2013-2016 жылдар аралығындағы мерзімде жымқырылған қаражаттың жалпы көлемі 50 млрд теңгені және 83 млн АҚШ долларын құрайды», делінген хабарламада.
Бақыт Ибрагим қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалаған. Сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған. Бас прокуратураның хабарлауынша, қазіргі уақытта Б.Ибрагим Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған.