ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жолдады. Видеоүндеуді Президенттің YouTube хостингіндегі баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға видеоүндеу жолдады
2018 ж. 22 мамыр
6649
0
Мемлекет басшысы «Challenge Өзгеше сен!» республикалық спорттық бастаманы қолдады және осы акция қатысушыларына бейнеүндеу жолдады. Бұл бастаманың мақсаты - біздің ел тұрғындары арасында дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын насихаттау. Акция аясында отандық спорт, мәдениет және масс-медианың танымал өкілдерінің қатысуымен ашық жаттығулар өткізу жоспарланған. Олар өз үлгілері арқылы қазақстандықтарды дене жаттығуы және спортпен шұғылдануға ынталандыратын болады.