Германияда ұсталған Qazaq Banki акционері Бақытжан Сағынтаевтың күйеу баласы болып шықты
2018 ж. 16 мамыр
10296
1
Германияда ұсталған Qazaq Banki акионері Бақыт Ибрагим жайлы не білеміз?
Бақыт Ибрагим 1985 жылы 28 мамырда туған. Былтырғы жылдың маусым айына дейін Qazaq Banki директорлар кеңесінің төрағасы болып, қызметінен босаған. Бұл туралы stan.kz жазды.
Қазір Qazaq Banki-нің акционері. 2018 жылдың 1 сәуір күнгі мәліметтерге сәйкес, оған акцияның 10,55%-ы тиесілі.
Qazaq Banki-нің баспасөз қызметі Бақыт Ибрагимнің жұмысы мен банк қызметінің көрсеткіші төмендеп кеткенін жария етті.
Оған банк басшылығына тағайындалған Жомарт Ертаев пен Бақыт Ибрагимнің уақытында берілген «сапасыз несиелер» себеп болды.
Айта кетейік, Жомарт Ертаев Мәскеуде ұсталған болатын.
2016 жыл тамызда Forbes Kazakhstan Бақыт Ибрагимді ең жомарт сатып алушылар үштігіне енгізген. 2014 жылы ол «Қазақстан мақтасы» өндіріс компаниясын 3 млрд 200 млн теңгеге сатып алған.
Наурыз айында мақта өсірушілер ақшаның жоқтығынан мақта өндіре алмай отырғанын айтты. Оңтүстік тұрғындары Бақыт Ибрагимнің мақтаның бәрін алып қашып кеткенін айтты.
Кәсіпкердің жеке өміріне қатсты мәліметтер аз. БАҚ оның әйелі Меруерт Ибрагим жайлы жазады. Меруерт Ибрагим – Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы. Ол Buro24/7 басылымының басшысы. Кей мәліметтеге сүйенсек, Сағынтаевтың қызы екі баланың анасы.