ЭКС-МҮФТИ ЖЫН-ОЙНАҚҚА ҚАРСЫ ЕМЕС-дейді МАСА порталы.Ал біз ДАМБАЛСЫЗ ГҮЛЖАННЫҢ ЖАЛАҢАШ сайтына сенбейміз...

  «Маса» интернет порталы Рәтбек қажы Нысанбайұлының  дамбалсыз «демократ» Гүлжанның жалаңаш сайтына берген сұхбатына пікір білдіріпті. Экс-мүфтидің екпіндеп айтқан бүгінгі ушығып тұрған діни мәселелерге байланысты  кей пікірлерін қолдағандай болған «масалықтар» бір кезде республика діни басқармасын құрған Құрметті мүфти, Рәтбек қажының сайттың сайтани сауалына еріп, сақалына сай емес жауапкершіліксіз жауабын шағып алыпты... Біз бірақ Құрметті мүфти олай жауап берді дегенге сенгіміз келмейді... Оның үстіне қасиетті Ораза айында қасиетсіз жалаңаш сайтты жағалап не көрінді десейші... Ол қандай сайтани сауал, жауапсыз жауап? Өздеріңіз оқып көрмесеңіздер... мүфтиді қайдам... жас болсақ та, біздің тіліміз бармай отыр... Өзі артын ашып, жұрт бетін басып, ашылу жарнамасының өзі әжептәуір шу болған Гүлжанның сайтына экс-мүфти Рәтбек қажы Нысанбайұлы сұхбат беріпті. Сөз саптасына қарағанда моллекеңнің бүгінгі ҚМДБ-ның қызметіне көңілі толмайды екен. Ондағылар діни басқарманы басқармақ түгілі, намаздарын дұрыс оқып алсын депті. Соңғы кезде елді алатайдай бүлдіріп болған уахабшыларды сектантар дей отырып, өзі ҚМДБ-ны басқарып тұрғанда мұндайлардың біреуін де елге келтірмегенін мақтанышпен жеткізіпті. Алатаудың баурайындағы 5 гектар жерінде түйесін бағып, биесін сауып особнякта тұрып жатқан экс-мүфти бүгінгі діннің ахуалына басын ауыртқысы келмейтінін ашық айтыпты. Ең сорақысы экс-мүфти «Бауырласу» деп ат қойылған жыныстық жын-ойнаққа (секс оргия) қарсы емес екен. «Имамдар онымен қанша қаласа, сонша айналыса берсін. Тек мешітте емес. Мешіт құдайға құлшылық қылатын жер» депті сабазың. Адамгершілікке, иманға жат қылықты айыптамапты, жұртты ондайдан аулақ жүруге де шақырмапты. Тек әйтеуір мешітте болмаса болды, қалған жерде қалағандарыңды істеңдер дейді. Үйбәй, бетім-ай! Сенген қойым сен болсаң, маңырағаныңа болайын! Бірақ маңырағанда да осылай маңырай ма екен? Мұны естіген дүмше имамдар мен «сақалды сайтандар» бір жасап қалған шығар. Е-е, молданың айтқанын істе, істегенін істеме деген осы екен ғой.

Бек ДАТҰЛЫ, «Masa.kz»