Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторында араб, қытай тілдерін үйреніп жатыр
2018 ж. 24 сәуір
5225
0
Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев тергеу изоляторында уақытын құр өткізіп жатқан жоқ. Әлем әдебиетін оқып, араб және қытай тілдерін үйреніп жатыр.
Экс-министрді қолдау мақсатында ашылған Facebook-тегі парақшада Бишімбаевтың екі шет тілін үйреніп жүргені туралы ақпарат шықты.
«Түрмеде ол әлемдегі ең қиын екі тілді үйреніп жүр – араб және қытай тілдері. Бостандыққа шыққанда адамдар оның өткенін есіне алып сынамайды, бәсекеге қабілеттілік қасиетін сақтап қалды ма, әлде жоғалтып алды ма, соны сөз етеді», – деп жазылған парақшадағы жазбада.
Қуандық Бишімбаевтың әйелі tengrinews.kz тілшісіне аталмыш ақпаратты растады.
«Тергеу изоляторында араб тілін үйреніп жатқаны рас. Қытай тілі күрделі, оны үйрену үшін арнайы мұғалім керек. Бірақ соған қарамастан күйеуім қытай әдебиетін сұрастырып жатыр. Көп оқиды, әсіресе әлем әдебиетін оқығанды жақсы көреді.
Айта кетейік, 2018 жылдың 14 наурызында 10 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр өткен аптада сот үкіміне шағым түсірген.