Солтүстік Корея ядролық сынақтардан бас тартатынын мәлімдеді

Солтүстік Корея ядролық және зымыран сынақтарынан бас тартатынын мәлімдеді. Ел жаңа стратегиялық бағыт алып, экономиканы нығайту жолдарын күшейтпек деп жазады Sputniknews.kz.

РИА Новости мәліметіне сүйенсек, бұл шешім Кореяның Еңбек партриясы пленумында қабылданған.

Сынақтарды тоқтату туралы шешіміне қарамастан, КХДР ядролық потенциалы сақталып қалады. Билік өкілдері ел қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда қаруды пайдаланатынын жоққа шығармайды.

КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын мәлімдегендей, енді партия ядролық қарудан ада әлемнің орнығуына өз үлесін қосатын болады.

Ядролық сынақтар мен баллистикалық зымырандарды ұшыру 21 сәуірде тоқтатылады. Елдің солтүстігіндегі ядролық полгион жабылады.

"Барлық күшімізді мықты социалистік экономика құрып, халықтың өмір деңгейін жақсартуға жұмылдырамыз", — деп қорытынды шығарылды пленумда.