Зейнетақы қорының бұрынғы басшысы Руслан Ерденаев 12 жылға сотталды
2018 ж. 19 сәуір
2221
1
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы басшысы сотталды. Руслан Ерденаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін Алматы соты зейнеткерлердің ақшасын талан таражға салған бір топ адамға қатысты да үкім шығарды. Олар 7 жылдан 11 жылға дейін жаза арқалады, деп хабарлады КТК.
Тергеу қортындысы бойынша БЖЗҚ бұрынғы басшысына мемлекеттік айыптаушы 12 жыл жаза сұраған. Себебі барлық кінәсі делелденді деді.
Бүгін судья прокурордың бұл ұсынысын қанағаттандырды. Жүздеген томнан тұраттың атышулы істің үкімін көп созған жоқ. Бірден басты айыпталушы Руслан Ерденаевтан бастап қандай жаза кескенін оқыды.
“Сот Руслан Ерденаевты ҚР ҚК 189 бабы,төртыншы бөлімі, 2 тармағы яғни «Ас ірі көлемде өзгенің мүлкін иемдену немесе талан таражға салу» сондай-ақ 366 бап, төртыншы бөлім «Аса ірі көлемде пара алғаны» үшін 12 жылға бас бостандығын айыру туралы жаза тағайындайды”, – деді судья Мартпек Какімжанов.
Сондай-ақ, сот Ерденаевтан 400 мың АҚШ долларын яғни 132 миллион теңгені тәркілеуді бұйырды. БЖЗҚ бұрынғы басшысы өмір бақиға мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан да айырылды.
Сот ешкімге аяушылық танытқан жоқ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры бастығының бұрынғы орынбасары Дабыт Медетбеков 11 жылға сотталып, одан 98 миллион теңге тәркіленді. Қордағы департамент басшысы Муса Бахтов 7 жылға, “Бозгул Аурум” ЖШС- нің экс басшылары Бақытжан Кенжебаев 8 жылға, ал Азат Найзағарин 7 жылға сотталды. Талғас Тұртаев болса бір жылға сотталып, амнистия бойынша сот залынан босап шықты. Бұндай қатаң үкіммен әрине сотталғандардың туыстары келіспейді.
“Біз менің жолдасымның кінәсіз екенін дәлелдейтін 19 дәйек келтірдік. Ол пара алмаған. Телефон арқылы сөйлескен дауыстарының барлық жазылғанын алып келдік. Қордың тисіті құжаттарын бәрін ұсындық. Ол қордың ақшасын ұрламаған да пара да алмаған. Біз бұл үкімді заңсыз деп білеміз. Біз соңынан дейін әділдік үшін күресеміз”, – дейді Ерденаевтың жұбайы Елена Ли.
2016 жылдың 6 қазанында Біріңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қоры 5 миллиард теңгеге құнды қағаздар сатып алған. Бірақ тексере келе бұл ешқандайда құнды қағаз емес қаржы жымқырудың әрекеті екені анықталып, Зейнеткерлердің ақшасын талан таражға салғандар бірден қамауға алынған.