Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастыққа қатысты, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы ахуалды талқылады.
Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.
Еске салайық, осыдан бірер күні бұрын Ресейдегі басты арналардың бірі саналатын «Россия 1» телеарнасындағы «Воскресный вечер» бағдарламасында тележүргізуші Владимир Соловьев пен орыс сяасаткерлері Сирия мәселесіне келгенде Қазақстанның Ресейді қолдамай отқанын айтып, латын әліпбиіне көшуімізге қарсы шыққан еді. Аталмыш мәлімдемелері қоғамда үлкен дауға айналып, ҚР СІМ Соловьевке қатысты шара қолданатындықтарын айтқан болаты.