Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Президентінің көмекшісі болды
2018 ж. 05 сәуір
5343
2

Елбасының Жарлығымен Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
"Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі қызметінен босатылсын",- делінген Жарлық мәтінінде.