БІЗ ҚАЙДА ТАП БОЛУЫМЫЗ МҮМКІН?

Қолымызға Ақтан Төкіш (псевдоним болуы да мүмкін) деген автордың орысша жазылған «Манкуртстан» деген кітабы мүлдем ойламаған жерден, кездейсоқ тап болды. Аты үшін оқып бастап едік, шыға алмай қалдық, (тавтология үшін кешіріңіздер) бас көтермей бір-ақ оқып шығуға тура келді. Неге? Себебі, автор біз осы алған бағытымыздан таймайтын болсақ, оған ешқандай түзету енгізбейтін болсақ, алдағы аз уақыттың ішінде қай жерден барып шығарымызды көзбен көргендей етіп суреттепті. Шағын ғана роман-антиутопия (автор оған осындай анықтама беріпті, және дәл берілгенін атап кету керек) гротескі тәсілімен берілген екен, бірақ, сол гротесктің өзі біздің барып қонар «сайымыздың» қандай сұмдық болуы мүмкін екендігін толық жеткізе алмаған деуге болады. казак 1 Өйткені, бізде кәзір билік бір жақта, халық бір жақта, дәлірегі олар көкте, халық жерде екендігі, бірін-бірі көрмейтіндігі, естімейтіндігі жайлы, біздің экономикалық саладағы көрсеткіштеріміздің бір де біреуі әлі күнге дейін 1991 жылғы деңгейге жете алмай келе жатқандығы, тек екі көрсеткіштен ғана – мың адамға шаққанда адам өлімінің саны мен жан басына шаққанда мұнай өнімінің көлемі жөнінен ғана алда екенімізді, ал, ғылым мен өнеркәсіпте кем дегенде қырық жыл артқа кеткенімізді, себебі ғылымның қалыпты түрде дамуы үшін жалпы ішкі өнімнің кем дегенде 3-5 пайызы болуға тиіс қаржы көлемі әлі 0,3 пайыздан аса алмай келе жатқандығы, тіпті кешегі кризике дейінгі мұнайдың ақшасы науадай құйылған кезде де ол көрсеткіш көтерілудің орнына 0,29-дан 0,24-ке кемігені жайлы біздің өзіміз де аз жазған жоқпыз. Мәселе, түптеп келгенде экономикада да емес, экономиканы кез келген уақытта көтеруге болады, мәселе мүлдем басқа жаққа бұрылып бара жатқан, бұрылуға мәжбүр, себебі өз елінде, өз жерінде өмір сүре тұра шексіз қазба байлықтың өзге елдердегідей қызығын көрудің орнына сол байлықтың бәріне қожайындық жасап отырған шетелдік кәсіпорындарда құлдық қамытты киіп отырған халықтың санасында болып тұр. Сол сананың бұзылуынан автор бас кейіпкер түрмеге түскен 2012 жылдан кейін 2035 жылы түрмеден шыққан кезінде Қазақстанның қандай халге тап болғанын, оның сондай халге тап болуының себептерін зерттейді. Граф Монте-Кристо секілді абсолютті оқшаулауда 23 жыл өткізген өмірден соң кейіпкер де өз Отанын танымай қалады. Себебі, Қазақстан деген мемлекет Ақмола облысының аумағында ғана қалыпты. Ал, қалған облыс-өңірлердің бәрін 2012 жылы президент кетіп, билік ауысқан кезде ел тізгінін қолға алған билік элитасы шет елдерге 49 жылдан 75 жылға дейін жалға беріп жіберіпті. Қытай жалға алған Шығыс Қазақстан мен Алматы облысы енді Қытай ордасы, Өзбекстан жалға алған Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстары – Өзбек ордасы, Жапония жалға алған Павлодар облысы – Жапон ордасы аталыпты. Германия – Қостанайда, Франция – Атырауда, АҚШ – Батыс Қазақстанда, Ресей – Солтүстік Қазақстан мен Ақтөбеде, Иран – Маңғыстауда, үндістер мен кәрістер Қарағанды облысын бөлісіп алған. Ең ақыры ... Қырғызстан да Жамбыл облысына иелік жасап алыпты. Әр өңірде сол жерді билеп тұрған елдің валютасы мен тілі үстемдік құрады екен. Сіз шекарада ақша ауыстырасыз. Қазақстанда 2029 жылғы санақ бойынша 13 млн.қазақстандық, 12,5 млн.шетелдік тұрады екен. Олардың жартысының өзі өмірге осы жерде дүниеге келгендіктен ел азаматы болып саналады. 3 млн.қазақстандық қайда кеткен дер болсаңыз,ақшасы бардың барлығы бірте-бірте шет ел асып үлгеріпті. Бұл жерге меңгерушілерді қалдырған, өздері экологиясы жақсы, саяси тыныш, ауқаты жоғары елдерде. Билік құрушы ұжымдық Директорлар Кеңесінің өзі елде Лондонда отырып басқарады екен. Қазақстанда не болып, не қойып жатқанын білмейді де, білгілері келмейді де. Өйткені, арендаторлар ақшаны уақтылы төлеп тұр, одан артық не керек? Ақшаның басым бөлігі Лондондағыларға түседі, қалғанына елдегі мемлекеттік аппаратқа жалақы, жәрдемақы мен зейнетақы төленеді, 2015 жылға дейінгі мемлекет алған қарызды қайтаруға құйылады, ең соңында Болашақ ұрпақ қорына жіберіледі. Қазақ Ордасында тұратындар саны 1 млн.адамға жуық, онда ешнәрсе өндірілмейді де, өсірілмейді де, бәрін көрші ордалардан сатып алады екен... Астана да өзгерген, Үкімет үйі мен «Триумф Астаны» оныншы жылдардың ішінде өртеніп кетіпті, Ақ Орда мен Қазмұнайгаз ғимараты да сақталмапты. Көшеде адам аз, және қазақша сөйлемейді. Бас кейіпкер қазағын іздеп өзінен бұрын колониядан босаған достарымен базарға келеді. Бұндағы халықтың үш тілден құралған қоспада сөйлейтінг көрінеді. Базарда ұлттық киім киген үш қазақ қарты жастарды тілді ұмытқаны үшін ұрсып жатқандарын көреді. «...Старики кричали, что молодых нет ничего святого, что они готовы на все, лишь бы покинуть родину. Молодежь на ломаном казахском отвечала, что старики сами в свое время равнялись на иностранцев, а теперь берутся учить молодежь. Один долговязый парень кричал: «Вспомните свои идеалы и девизы: «Ближе к телу – польза делу!» «Смеется тот, кто успеет сбежать!» Это что, любовь к родине?! Ну, где она теперь, ваша родина? Вы продали ее с потрохами на 50 лет вперед. Мы родились рабами из-за вашей продажности! Чего теперь хотите?» Да, они знали, куда бить. -Абсурд в том, - сказал Сабит, - что эти старики из числа тех, кто противостоял тогда действиям властей, они – из колонии. ...Я теперь жалею молодых людей. Их не учили мыслить категориями страны, родины, народа. Кто из них умнее, тот выучится и найдет работу за границей. Кто останется здесь, будет стараться урвать что-нибудь. Может, их детям повезет жить в свободной стране, но что это будет за страна? Поэтому они ненаваидят нас – поколение, при котором уходил Казахстан. Они не хотят разбираться, кто на самом деле принимал решение. Да имеет ли это по большому счету теперь значение?» Біз, бүгінгі сіз бенен біз туралы айтылып отыр ғой кітапта, байқайсыздар ма?! Ал, біз, әрқайсымыз Қазақстан ертең билік ауысқан кезде өңір-өңір болып жалға беріліп немесе, одан да жаманы – Алла оның бетін аулақ етсін! – түбегейлі сатылып кетпесі үшін қолымыздан келгеннің бәрін бүгін істей алып жатырмыз ба? Қостанайда, Неміс ордасында тұратын туған қызының үйіне келген әке тек немісше сөйлей алатын немерелерін көріп естен танып қала жаздайды. Сорлы әке қызынан сұрап отыр. Орысша. Солай тәрбиелеген өзі... «-А дома... дома вы говорите по-казахски? -Ты же знаешь, я не слишком в нем сильна, а муж вовсе не говорит». Әкесін түнде шығарып салып тұрған (өкімет 21-ге жасы жетпеген балалары бар қызыңның немесе ұлыңның үйіне қонуға тыйым салып қойған...) қызы не дейді деңіз? «Папа, не надо никаких разговоров про прошлое. Оно ушло и его не вернуть. Говорят, вы все возвращаетесь и хотите настроить молодежь, как бы это сказать, на вашу волну. Все семья мужа живет за границей, а он – патриот, не хочет уезжать. Вот. Дети будут учиться за рубежом, может, там и останутся. А нам что? Лишь бы могли детям помочь. Mein Vater, поэтому тебя прошу, не ломай их жизнь, не надо ничего объяснять про Казахстан, 12-год и прочее, что было 20 лет назад. Мы уже научились жить без вас». Кейіпкердің әйелі өзі қайтыс болғанға, 2029 жылға дейін, күйеуінің туған күнінде оған арнап жыл бойы көргенін түйіп көлемді хат жазып, сақтап қойып отырған екен. Соған бір сәт көз жүгіртейікші. «Жаль, что я не знаю хорошо казахского языка, казахских песен. Мне это необходимо для внуков. Мы в молодости говорили родителям: «Не имеет значения, что я говорю по-русски, в душе-то я казах». Тура бүгінгі біздің балаларымыздың сөзі ғой. Тек қана олардың ғана емес, біздің, ата-аналардың сөзі. «Жаны қазақ» дейміз. Қайдағы қазақ! Ана тіліне сусамай, оның нәрін бойына сіңірмей, мағынасына жетпей адамның жанының қазақ болуы мүмкін емес. «Қазақ үшін көп қазақ тілді қазақтан артық жұмыс істеп жүр» деп ақталғымыз келеді. Рас, істеп жүр. Бірақ, ол істері жарымжан, мүгедек адамның бітірген ісімен парапар. Біріншіден, өнімділігін төмен, жалғыз қол, жалғыз аяқпен, жүректің жартысымен, бүйрек-бауырың бір бөлігімен жарытып жұмыс істей алушы ма еді адам? Екіншіден, оның жаны мүгедек. Мүгедек болмауы мүмкін емес! Менің отставкадағы генерал, лауазымды қызметтерде істеген досым бар. Қазақ үшін аз жұмыс істемеген. Бірақ, әлі қазақша оқи алмайды. Абайдың 1961 жылдан бері ұстап келе жатқан бір томдығын бердім. «Оқы!» дедім. Екі жыл ұстап, қолының ұшын қимылдатпаған күйі қайтарып берді. Сөйте отырып, «Пушкин – это гений! Его нельзя ни с кем даже сравнивать. А Абай, он слова народа собрал и обратно ему вернул, больше ничего не сделал. Все слова у него народные, простые. Шакарим выше его!» дейді. Дәл осылай үзілді-кесілді тұжырым жасайды. «Сен қалай өйтіп айта аласың?» десем, «мен Абайдың аудармасын оқыдым ғой» дейді... Мен осыдан біраз жыл бұрын ерінбей, қолыма қалам алып отырып, үйдегі Пушкиннің үш томдығын асықпай, тұшынып отырып оқып шыққан болатынмын. Сонда оның ақындығына, жаңашылдығына тәнті болып, бірақ, философиялық терең ой жағынан Абайдың ширегіне келе алмайтынын түйсінген едім. Осыны айтсам, әлгі досым менімен, әскери генерал ғой, атысуға дайын... «Мен Абай мен Пушкиді салыстыра аламын, олай айтуға хақым бар, себебі екеуін де түпнұсқадан оқып отырмын, ал, «Абайды орысшаға, жалпы басқа кез келген тілге аудару мүмкін емес, аударсаң қабат-қабат астарлы ойларын жеткізе алмай қаласың деп отыр Герольд Бельгердің өзі» дегенім еш құлағына кірмейді. Міне, біздің жеткен жеріміз! Пушкин үшін біреудің қолыңда өлуге әзірміз, ал Абайды түсінуге де тырыспаймыз. Кейіпкердің әйелі болса бармағын шайнайды. «Теперь я понимаю, как глубоко мы ошибались. Что осталось в нас казахского? Кухня да соблюдение традиций в важные моменты жизни человека: рождение, свадьба, смерть. И, главное, только в семье возможна органичная передача памяти народа через фольклор и литературу; нравственных ценностей – через традиции и обычаи; любовь к родине и народу – через любовь к семье.». Дұрыс айтады, дәстүрдің өзін осы үш жағдайда ғана қолданамыз. Үйге кісінің қолына су құю, сөйтіп бата алу секілді керемет дәстүрді қаладағы кім кәзір баласына, немересіне істетіп жатыр? Менің өзім өте жақсы көретін, сыйлайтын, әрі жолдасым, әрі ағам, қазақтың бір ірі азаматы бар. Сол кісі «үйде тұр ғой су ағып, өткен күнді кім тірілтіп жатады?..» дейді. Халел Өзбекқалиев, атақты мұнайшы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты үйіне келген кісіге өзі су құяды екен. Сол алған баталарының арқасы болса керек, балаларының бәрі ер-азамат болып өсті. Әйгілі Қанай датқаның баласы Тұрлыбек датқа жас кезінде қасында отырған адамның бір қимылынан жеркеніп, жасын сұрапты. Ана кісі «қырықтамын» депті. Тұрлыбек «қырық дегенің адам жасамай-ақ қоятын жас екен ғой...» депті. Бір күні өзінің қалай қырыққа келгенін байқамай қалған ол баяғы сөзі есіне түсіп, айтылған сөздің атылған оқ секілді бос кетпейтінін сезіп, елдің игі-жақсыларын шақырып тамақ беріпті және өзі бәрінің қолына су құйып тұрыпты. Қонақтар атақты адамның бұл ісіне таң қалса да, батасын жаудырып жатыпты. Жиын тараған соң Тұрлыбек: «Ой, Алла-ай, соншама адамның бірінің аузына «өмір жасың ұзақ болсын!» деген сөз түспей-ақ кетті ғой!..» депті. Көп ұзамай өмірден өтіпті... Кейіпкердің әйелі жазыпты: «И в основе всего – язык. Язык – это суть и основа нации. В языке народа – картина мироздания и связь с ним. Только через язык можно в полной мере выразить своеобразие национального менталитета, богатство художественного мира народа. Язык – срество познания мира, душа и песня народа, наконец, его щит и меч. Без языка же народа нет. Он – начало и он – конец. Он – жизнь и гарантия сохранения народа. Теперь я говорю с внуками только на казахском. Они меня понимают, но отвечают по-немецки. Так в детстве я общалась с апашками во дворе. Мне – по-казахски, я в ответ – по-русски. Ответь мне, почему у нас каждое поколение переодевает национальное платье? Когда мы остановимся? Сколь много надо лишиться, чобы захотеть, наконец, сохранить оставшиеся крохи, вернуть так легкомысленно потерянное? Ответь мне, почему м ы и наши дети первое в жизни слово «мама» произносим на иностранном языке? Ответь мне, почему сначала наши родители, потом мы сами, теперь наши дети отдавали в уки воспитателей детсадов самое дорогое, что есть у нас. Чужие люди формировали основополагаюие ценности в наших детях. А мы оставались лишь сторонними наблюдатедями. Почему?» Кім жауап бере алады? Жауап бере алатын жан жоқ. Тамырынан өз еркімен айрылған ұлт бара-бара неге, кімге айналады? Мәңгүртке ме? Жоқ. Мутантқа ма? Жоқ. Енді кімге? Жанды машинаға. Бәрін түсінеді, бәрін біледі. Бірақ, өзі шешім қабылдауға құлықты емес. Басқа біреудің келіп шешім қабылдағанын күтіп отыра береді. Тіпті, шешім де емес, басқа бір жақсы адамдардың өзінен-өзі пайда болып, солар келіп бұлар үшін өмірді өзгертіп бергенін бос үмітпен күтіп отыра береді. Оның аяғы неге апарып соғатынын автор романда былай суреттейді. «Наша ошибка была в том, что судили мы о них по себе. Мы думали, они хотят что-то делать для страны, просто у них не получается. И мы вновь и вновь давали им шанс, надеялись, что они, наконец, наворуются и будут делать свою непосредственную работу. Вы вспомните, как судил народ: не надо менять власть имущих, а о придут новые и жди, пока и они накормятся от народной кормушки, а нынешние, мол, уже сыты. Ничего подобного. Они по определению не могли насытиться, потому что нет предела ни у жадности, ни у богатства. И знаете, они тоже судили о нас по себе, т.е. были уверены, что мы хотим прорваться к власти только для того, чтобы получить доступ к разделу страны, к переделу собственности. Воров надо было гнать и сделать это народ должен был как можно раньше. Чего-то нашему народу не хватало: то ли воли, о ли патриотизма, то ли веры в успех. Народ привык оставаться в стороне, как будто происходящее его касалось. Почему мы не примеряли миллион раз доказанную истину: «Бойся равнодушных!» Ғабит Мүсірепов атамыз «Құдай өзі береді деп күтіп отыра бермеу керек. Күтіп отыра берсең Құдай бермейді, қайта төбеңнен қос қолдап ұрады!» деп еді. Біздің билік орыс тілінде(!) даярланған, «2010-2020 жылдарға арналған тілдерді (?) дамыту бағдарламасында мемлекеттік тілге қажеттілік тудырудың, сол арқылы оған сұраныс тудырудың бір де бір нақты тетігін көрсетпеген болатын. Ал, бұл дегеніміз тілден айрылуға апарудың төте жолы. Тілінен, демек тамырынан айрылғанның... Бұл жайлы жоғарыда айтылды. Ендеше бұрынғыша қарап отыра береміз бе?..

 

Өмірзақ АҚЖІГІТ