Аслан Мусин қамауға алынды
2018 ж. 20 қаңтар
5745
3
«Алтын Сапа 2011» және «Business Standart»ЖШС басшысы қамауға алынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
"Астана қаласының ІІД аудандық соттың санкциясымен 1982 жылғы Аслан Мусинді қамауға алды. Тексеру жұмыстары нәтижесінде оның «Зере-2» ТК салу үшін рұқсат құжаттары болмағанына қарамастан мемлекеттік органдардан алаяқтық жолмен қаржы жымқырғаны анықталды. Оны ірі және аса ірі көлемде жұмсаған", - делінген полиция хабарламасында.
Қалалық Ішкі істер департаментіне 6 азамат шағымданған. Материалдық шығын көлемі – 30 млн теңге.
Астана қаласы ІІД Аслан Мусиннен жапа шеккен азаматтардың Астана қаласы ІІД-нің тергеу басқармасына шағымдануын сұрайды.
Мекен жайы: Астана қаласы, Бейбiтшілік, 19
Байланыс: 8 (7172) 71-62-31, 8-778-791-13-46.