Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапары басталды
2018 ж. 16 қаңтар
3771
11
[caption id="attachment_80422" align="aligncenter" width="640"]
Forbes.kz[/caption]

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
«Қазақстан Президенті Вашингтон қаласына келді. Ресми сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездеседі», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.