Ирандағы ереуілдердің салдары қандай болмақ?
2018 ж. 03 қаңтар
2479
2
Желтоқсанның 28-нен бастам Иран қалаларында үкіметке қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр. Ереуілшілердің едәуір бөлігін құрайтын жастар елдегі күрделі экономикалық жағдайға қарсылықтарын білдіруде. Қазіргі уақытта қақтығыс салдарынан 20-дан астам адам қаза тауып, 450-ге жуығы қамалды. Осыған орай Tengrinews.kz порталы белгілі отандық сарапшылардың Ирандағы жағдайдың ары қарай қалай өрбитіні туралы ойларын білді.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының жетекші сарапшысы Жақсылық Сәбитов, аталмыш ереуілді Иранның басқарушы элитасы ішіндегі оппозициялық топ ұйымдастырып, бірақ, наразылық шарасы бақылауға келмей қалғанын алға тартты.
"Бастапқыта наразылыққа таза экономикалық жағдай себепкер еді. Көшеде айтылған басты ұран: «Қымбат бағалар жойылсын!», алайда, кейіннен бұл наразылық акциясына оппозиция да қосылды. Нәтижесінде, ереуілшілерді қазір екі топқа бөліп қарауға болады: бірінші топ экономикалық жағдайға наразылар, екіншісі, 2009 жылы ереуілге шаққандар, яғни, қазіргі билікке қарсы топ. Наразы топтың басты ұраны: «Газа да, Ливан да емес, менің өмірім - Иран».Демек, Иран азаматтары салықтан түсен қыруар қаржының ел билігінің сыртқы саяси әскери бағдарламаларға жұмсалатынына наразы. Бұл өз кезегінде ирандықтардың өмір сүру сапасына әсер етеді», - дейді Сәбитов.
Сәбитовтың пікірінше, Иранның Палестина, Йемен, Ливан, Сириядағы сыртқы саяси мүддесін қаржыландыруға қарсы наразылық бұдан кейін де тек ұлғая береді.
"Ел дамуының басым бағыттарын қайта қарамай, Иранның тұрақтылығы туралы сөз қозғауға болмас. Иранның басқарушы элитасы тарапынан кво-мәртебесін сақтау, бұл наразылық шараларын басқаннан кейін де едәуір үлкен саяси дағдарысқа алып келуі мүмкін. Жағдайды тұрақтандыру үшін Иранның басқарушы табына өз ресурстарын қайта бөлуді қарастыру керек: өз елінің азаматтарына қажетті емес сыртқы саяси бағдарламаларды қаржыландыруды доғарып, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту шарт», - деп санайды Сәбитов.
Ол, сондай-ақ, қазіргі таңда қақтығыс салдарынан жиырмадан астам қазақ тапқанын да атап өтті. Қаза тапқандар саны әлі де өсе ме және наразылық шарасын қалай тоқтату керектігі туралы – айту қиын. Бұл, сарапшы пікірінше, Иранның қазіргі саяси элитасының наразы топпен бейбіт келісімге қаншалықты дайын екендігіне байланысты.