Жағымпаз Қодар мен жарапазаншы Кривинициянов не деп «ұлиды?» Олардың сәтсіз сұхбаттары орыс пен қазақ арасындағы қарым-қатынасқа селкеу түсіреді

кодар Дәл осыдан 12 жыл бұрын «Қазақ әдебиеті» газетінде біз «Ау, земляки...» ол кімді неге шақырып «ұлиды?» деген мақала жазып, журналист Криницияновтың Қазақстан тәуелсіздігі мен оның кіндік ұлты  қазақтың тіліне байланысты ой-пікірлерін білдірген мақаласына өз наразылығымызды білдірген болатынбыз. Міне, сол Юрий мырза баяғы жарапазанынан жаңылмай, тағы да бір даулы мәселенің басын көтеріп отыр. Ол оған жұққан дерт сияқты. Бұл жолы ол мырза баяғы жарапазанына өзін философ, ақын, мәдениеттанушы санайтын Әуезхан Қодарды тартқан. Екі білгір өздерінің сұхбаттарын «Давай поговорим с тобою, брат» деп атапты. Сұхбат «Аргументы и факты» газетінде жарияланған. Шынында да, 2 бетті айқара алып жатқан әңгіме ағайынды екеудің жүрекжарды сырлары екенінде дау жоқ. Бір-бірін қолдап, мақұлдасқан көңілдер жап-жақсы-ақ табысқан. Алдымен, осыдан 12 жыл бұрын біз Кринициянов туралы не жазған едік, соған тоқталайық. Өйткені, бүгінгі тілге тиек етіп отырған тақырыбымыз онсыз толыққанды мақала болмайды. Сонымен, біз жоғарыдағы келтірген «Ау, земляки...» ол кімді неге шақырып «ұлиды?» атты мақаламызда: «...в такой стране у подрастающего поколения нет будущего. (Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жақсы жолға қойылуына қарсы айтқан ойы- А.Ә.) Юрий Киринициянов, собственный корреспондент «Российской газеты». Уроженец г. Семипалатинска Прожил в городе 14 лет с 1949 по 1963 гг. (4510 по Фаренгейту, № 8. 1999 г.), ...вряд ли существует какая-то особая казахская экономика. Как нет казахской геометрии и алгебры... Он как-то позабыл про массовую эмиграцию. Страна, которая потеряла полтора миллиона не самых глупых, не самых бездарных соотечественников, на что она может рассчитывать, кроме как на то, что имеет. ...Уверен, нашлись бы и в Казахстане лидеры, которые повели бы народ под панисламистскими, ультрарадикальными лозунгами - против русских, против «иноверцев». Юрий Киринициянов, собственный корреспондент «Российской газеты» для «4510 по Фаренгейту». № 11, 1999 г. ... Казахстанские власти сделали так мало, чтоб приостановить русскую эмиграцию. Полтора миллиона бывших казахстанцев - это, безусловно, минус для республики. Юрий Киринициянов. «Труд», 3 февраль, 2000 г. Тағы да Киринициянов. Иә, тағы да сол - Юрий Киринициянов. Бұл жоғарыдағы сөздер қазақ, қазақстандықтардың басына құйылар жуынды мен біздің мемлекетіміздің басты құндылығы - тыныштығымыздың бетіне шіркеу, атына жағылар күйенің жұғындысы ғана. Іргелес Ресей саясатының қазіргі шым-шытырық қайшылығы - тырнақ астынан кір іздеп, оның картасын араластырушылар үшін таптырмас ілік. Осы тұстағы олардың мақсаты - кіндік ұлт пен оның айналасындағы айрандай ұйыған ұлыстар достығына іріткі салу. Осы тұста Нобель сыйлығының лауреаты, Испан жазушысы Камило Хосе Селаның «журналистика - көктен түскен немесе адамды қыңыр-қисық етіп көрсететін мұражайдағы құбыжық бөлмесі емес» дей келіп, «журналистер өздерінің оқиға иірімінде «ойнаған» әртістер емес екендігін ұмытпауы керек» дегенін атап өтсек, артық болмас. Бұл әрбір тәуелсіздік терісін жамылған әлдекімдерге тәуелді басылымдарға да, оның белді-белді кызметкерлеріне де сабақ болса игі. Міне, тағы бір тоқталмай кетуге болмайтын жай, біздегі орыс публицистерінің, кейбір басылымдардың басты кемшілігі - сыртқа қарап ұлуларын былай қойғанда, өз беттерінде Юрий Киринициянов секілді жалдамалы журналистердің сырт көзге ұшпа пікірлерімен санасып, сол арқылы қоғамдық пікір қалыптастыруы. Ол сосын «К праздникам - Дню республики. Дню независимости -газеты публикуют длинные списки награжденных. Русских фамилии здесь, практически нет» деп көлгірсиді. Ау, Юрий мырза, сонда қазақ журналистерінен де бұрын Президент сыйлығын алған өз қандасыңыз, әрі әріптесіңіз журналист Устюговты қайда қоясыз? Мұндай мысалдарды жүздеп келтіруге болады. Бұрын бір ғана Алматы қаласының әкімі Храпуновтың қолынан сый-сияпат көріп жатқан орыс, тағы да басқа ұлт өкілдері қаншама еді? Жалпы, қазақстандықтар, сонан соң Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі үшін қазіргі басты қатер, әрі синдром - ол қоғамдық тыныштықты қоздырып, қасиетті құндылығымыз - халықтың рухын аздыру үшін жүргізіліп жатқан ішкі-сыртқы ақпараттық экспансия. Олар қазақстандықтардың ең әлсіз, қорғаусыз да қорғансыз сезімдерімен ойнайды. Соның бірі, бірі болғанда бірегейі - «айрықша жағдай жасалып жатқан қазақ», «шектен тыс қысым көріп жатқан орыс» мәселесі. Не екенін қайдам, осы ақпараттардың дабырайтып көрсетіліп, тіпті, жалған айтылатындығына қазақ басылымдары мен қазақ журналистерінің басы ауруы керек те, ал, орыс журналистері мен басылымдары үшін бұл мәселе шешіліп қойған секілді. Бұл мәселеде олар кириницияновтарды қолдағандай үнсіз қалады. Сондықтан да, қоғамды ақпараттандыру мен ақпараттық технологияның дамуына байланысты, біз қазір сырттан келетін сол тақылеттес күштердің мүмкіндіктерімен барынша санасуға тиіспіз. Және оған қарсы тұра алатын сол секілді іс-әрекеттер мен  шаралардың көзін кеңейтпесек тағы болмайды. Ол әлі де аз емес. Мысалы, бізден қаншама ілгері кеткен АҚШ-тың өзі соңғы 15 жылдың ішінде ақпараттық кеңістікті игеру үшін соған аса қажетті құрал-жабдықтарды  алуға, оны дамытуға бөлінетін қаржыны төрт есе өсірген. Қазір сырттан келетін, сондай-ақ сырттан телініп өзімізде етек алған басылымдар мен телерадио арналары біздің ақпараттық кеңістігімізде өздерінің саяси-әлеуметтік құрылымын, несие-қаржылық жүйесін қалыптастырып, біздің мәдени-өнегелілігіміз бен ар-ождан, ұлттық құндылықтарымыздың қасиеттерін кетіруде. Юрий Киринициянов мырза сол аталған мақаласында тіл мәселесін де шет қалдырмаған. Ол: «Уверен, что без «обязаловки» дети быстрее станут говорить на двух языках», - дейді. Сонда жергілікті кіндік ұлттың мемлекеттік тілін үйрен, оқы дегенде не «обязаловка» тұр? Бізде Қазақстанда қай ұлттың болмасын дін, тіл мәселесі Конституция бойынша қорғалмай ма? Ендеше, аталған мақаладағы Галина Заеваның: «Казахи хотят построит свое государство, не надо им мешать...» дегеніне бәріміз қол қойып, қазақ, орыс, украин, ұйғыр, кәріс, тағы басқа ұлттар біргелікте өркениетті де құқықтық мемлекет құрайық. Ескеретін жай, қазіргі жағдайда Юрий Киринициянов секілдіжазғыштардың «публицистикалык-рэкеттік» шара-шамаларының «саяси-рэкеттік» іс-әрекеттерге айналып кетпеуін қазақстандықтар тұтас  қадағалап, тиісті жауап беріп отыру - міндетіміз», - деп жазған едік бұрын. Кривинициянов мырза біз тілге тиек етіп отырған сұхбатында да осы пікірін қайталайды және оны сөзбе-сөз айтатынын қайтерсіз. Мысалы, Юрий мырза Әуезхан Қодармен сұхбатында: «В дни больших государственных праздников награждают особо отличившихся граждан. Во внушительном списке, как правило, одно-две славянские фамилии. А то и ни одной. Как говорили раньше в очередях: вас тут не стояло...» дейді. 2000 жылғы мақаласында да ол дәл осы өкпесін айтқан еді. Осыған қарағанда, келесі жылғы мейрамдардың бірінде Кривиницияновке сыйлық беріп құтыламыз-ау, сірә. Тіл мәселесіне келгенде екеуі де көсіле жөнеледі де, мемлекеттік тілдің қазіргі шала-жансар күйін елеп-ескермей, оны насихаттауда «біржақтылық» барлығын алға тартады. Бұл мәселеге келгенде Әуезхан Қодар Кириницияновтың сұрағына орай: «Да, по Конституции мы являемся демократическим госудаством, все граждане в нем обладают равными правами. Но если говорить честно, то казахи оказались в более привилигированном положении. Пошел процесс, который я называю «нациестроительство». Представителей других этносов не то чтобы дискриминировали. Их просто весьма технично оттеснили на задворки и политической общественной и культурной жизни. Русских крайне мало в «коридорах власти». Количество школ с преподаванием на русском языке постоянно сокращается. Два миллиона мигрантов, в основном русских, покинувших страну всередине девяностых, - это невосполнимая потеря», - дейді. Осындағы сөйлем соңындағы өкініштің еш жөні жоқ-ақ. Ешкім ешкімді зорлап ұстап тұра алмайды. Қашанда да сыртқа алаңдап тұрғандар, әрі жағдайы барлар өз еріктерімен өздерінің ата-қоныстарына көшіп жатса, онда тұрған не ерсілік бар? Өз еріктерімен кетті. Қодар мырзаның өкінетіндей жөні жоқ. Жеме-жемге келгенде қазір Қазақстанда кірме ұлттардың емес, жергілікті қазақтың жағдайы әлдеқайда қиын. Бір ғана мысал, қазіргі «Шаңырақ» пен «Бақай» сияқты геттоларда тұрып жатқандар қазақтар емес пе? Еңсесі түсіп, етегі ашылған ауылдардан қалаға көшіп, жұмыссыз жүргендердің ұзын-ырғасы кімдер, әрине, қазақтар. Сенбесеңіз, Сейфуллин көшесінің бойына шығып көріңіз. Маңғыстау мен Ақтөбедегі мұнай және кен орындарында қара жұмыс істеп, жалақыға жарымай жүргендер кімдер? Тағы да сол қазақтар. Алматы қаласында 181 орта мектеп бар десек, соның 48-і ғана қазақ мектебі екен. Тілдік қысым көріп жатқан сонда кім? Қазақ па, орыс па? Журналист мырза болса, хабарландырулар мен кейбір мекемелердегі аты-жөндердің қазақша жазылатындығын алға тартады. Ол орыс тілінің шетке ысырылғаны соншалықты, тіпті Қазақтың Ұлттық университетіндегі студенттер орысша сөйлей алмайды дейді. Не деген білместік? Осыны біліп-көріп жүрген Әуезхан Қодар болса: «У нас появилась и процветает когорта профессиональных «плакальщиков» о казахском языке», - дейді. Ол мырза білсе, Ресейдегі орыстардың өзі «тіліміз құрып бара жатыр» деп жылап, президент Медведевке ашық хаттар жазып жатқан жоқ па? Оның қасында біздің «плакальщиктер» айналайын ғой. Тілін жоқтап, туған жерінің мүддесін көздегендерді «жылауықтар» деу қайбір азаматтыққа тән қасиет дейсің. Құзырлы мекемелерде, мем­лекеттік қызмет орындарында орыс тілінде іс-қағаздарының жүруі бүгінгі күнге дейін азаймай отыр. Оны күнделікті теле-радио арналарынан көріп те, естіп те жүрміз. Тіпті, күнделікті тіршілікте Алматыдағы кез келген мемлекеттік мекемеге барыңызшы, сізге тек орыс тілінде ғана қызмет істейді. Сонда Кривинициянов айтып отырған «стахановшылдық» қайда қалған? Ал, Әуезхан Қодар болса: «Казахский язык стали внедрять «стахановскими» методами, что не могло не вызвать глухого неприятия основной массы русскоязычных соотечественников», - дейді. Мұндай орысшылдықты алғаш көріп-біліп отырғандығымыз осы. Әйтпесе, ол қазіргі қазақ тілінің тағдырын білмейді дейсіз бе, білгенде қандай? Бұл жағымпаздықтың бір түрі ғана. Содан соң философ мырза айтқандай, ешкім де, еш қазақ орыс тілінен бас тартқан емес. Жалпы, Орта Азиядағы орыс тілінде таза сөйлейтін ұлттар қатарына біздер қазақтар жатсақ керек. Ендеше, ол мырзаның: «Отказываясь от русского языка, мы воздвигаем какие-то нелепые и искусственные перегородки»... дей келіп: «Но кичиться своей национальной принадлежностью - глупо. Так же нелепо как гордиться тем, что ты брюнет или у тебя светлые волосы» - деуіне не жорық. Өзінің ұлтын мақтаныш еткен адамды Әуезхан Қодар жек көрсе, онда Пушкин мен Тургеневті жек көрсін. Олар өздерінің орыс боп туғанын мақтаныш еткен. Біздің Жұбан Молдағаиев пен Қуандық Шаңғытбаев «Мен қазақпын» деп масаттанады. Ендеше, өз ұлтын мақтаныш ету ешқандай да ерсі емес екен. Ал, Әуезхан Қодар болса, оны керісінше түсінеді. Қайтеміз, оның пешенесіне жазылғаны сол да. Енді бірде, аталған сұхбатта журналист Кривиницияов қызды-қыздымен: «Я глубоко уважаю президента. Он много сделал для страны. Но не понимаю его, когда он выдвигает директиву: к 2020 году 95 процентов населения страны должны говорить по-казахски. Как-то все это напопинает коммунизм к 1980 году...» - деп жіберген. Онда тұрған не бар? Жақында Ресей президенті Медведев Ресей орыстардың жері, онда орыс тілі жетекші рөл атқаруы керек дегенге саятын ой айта келіп, орыс тілінің болашағы нұрлы болатындығын алға тартты емес пе? Сосын, егер де Қазақстандағы өзге ұлт диаспоралары қазақша сөйлеп жатса жаман ба? Ол қайта адамның мәдениеттілігі мен өзі тұрып жатқан жерді сыйлаудан туған патриотизмнің көрінісі емес пе? Кириницияновқа ол да жақпайды. Егер Юрий мырзаға қазақ тілі жақпаса, онда тілдік қарым-қатынастағы міндеті жаппай артып тұрған, дербестікке ие Ресейге көшіп кетсе ешкім де оған ренжімейді. Оны кеудесінен қағып, кет деп жатқан да ешкім жоқ. Оның «застенчивым национализмом» деп отырғандығы қай ұлтшылдық? Біздіңше, Әуезхан Қодар қазақстандық халықтың жаппай мемлекеттік тілде сөйлеп кетуінен қорқады. Сөйтіп, 90-шы жылдардағы 2 миллион орыстың отанына кеткендігін алға тартып, өкініш білдіреді. Көші-қон тіршілігі әркімнің өз еркіндегі мәселе. Оған Әуезханның да, менің де қол сұғуға құқығымыз жоқ. Бұл мәселеде Әуезхандыкі жалған намысын жыртушылық. Оны орыстар «показуха» дейді. Бір өкініштісі, Қодардың: «Но когда весь мир говорит «аэропорт», стоит ли придумывать «Әуежай»?  - деуіне не жорық? Егер де, аударылуға келіп, оның аудармасы көпшілік көңілінен шығып жатса, неге аудармасқа? Ол жергілікті халықтың өз еркіндегі тілдік қарым-қатынастың бір көрінісі, әрі тілді байытып-дамытудың жақсы нышаны. «Мороженноены» «балмұздақ» деп аударғанда, қазақ тілі ұтпаса, ұтылған жоқ. «Саяжай» ше, қандай керемет, сұлу атау емес пе? Егер әрбір аудармашымыз соларды аударған Ислам Жарылғапов болып жатса кәнеки. Сонымен, елге берері шамалы, орыс пен қазақ арасындағы қарым-қатынасқа селкеу түсіретін Кривинициянов пен Әуезхан Қодар сияқты «ағалы-інілінің» сұхбаттары өте сәтсіз шыққан.  Екеуінің де орыс пен қазаққа деген жалған жанашырлығы ауыл арасындағы пыш-пыш әңгімеден ары аса алмай қалған. Егер де, мұндай пікір-тұжырымдармен еліміздегі ұлттар мен ұлыс диаспоралары санасып, олардың ұшпа сөздеріне желіксе, онда көп жылдардан бері келе жатқан халықтар достығына ши жүгіреді. Ал, бізге ол қажет емес.

Аманхан ӘЛІМҰЛЫ «Заң» газеті *Мақала тақырыбы өзгертілді