Өмірзақ Шөкеев ҚР Вице-премьері - Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды
2017 ж. 16 желтоқсан
3782
16

Өмірзақ Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды» делінген хабарламада.
Бұған дейін осы қызметті атқарған Асқар Исабекұлы Мырзахметов Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды.