Ахметжан Есімов "Еңбек Ері" атағын алды
2017 ж. 15 желтоқсан
3304
30

Елбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін:
Есімов Ахметжан Смағұлұлы - «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы;
Қуатов Руслан Тұржанұлы - «Теңізшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы;
Үшкемпіров Жақсылық - «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда 2017 жылғы 5 желтоқсан