Қайрат Қожамжаров ҚР Бас прокуроры қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Парламенті Сенатына Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың кандидатурасын Бас прокурор лауазымына ұсынды, - деп хабарланды Ақорданың Твиттердегі парақшасында.

«ҚР Парламенті Сенаты Бас прокурор лауазымына ұсынылған Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың кандидатурасын қолдады», делінген хабарламада.

Қожамжаров қаржы полициясының генерал-майоры. ІI дәрежелі «Даңқ» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.