Елбасы еврей халқынан үлгі алуға шақырды
2017 ж. 02 желтоқсан
4430
44
«Мені өмірде не таңғалдыратынын айтайын. Мәселен, кәрістер – жер -шарындағы еңбекқор халық. Таңғы сағат 7-8-ден бастап, барлық кәріс жұмыста отырады. Кешкі уақытта да бұл кәрістерді кеңседен табасың. Кореяда көшеде теңселіп, қыдырып жүрген балаларды көрмейсің. Ол жақта қылмыс жоқ. Адамдардың бәрі жұмыс істейді. Бала мектептен кейін курстарға барады немесе секцияға қатысады. Жоғары білім алмаған қыз оқыған жігітке тұрмысқа шыға алмайды. Ал тұрмысқа шыққаннан кейін, ол үйде отырып, бала тәрбиесімен айналысады. Қазіргі таңда бұл мемлекет барлық салада ғылыми-техникалық прогресс үлгісін көрсетіп отыр», - деді Елбасы.
Сонымен қатар Қазақстан президенті жапондар мен еврей халқының да еңбексүйгіш екенін атап өтті.
«Жапондарды алайық. Мені жапондардың сыпайылығы, қонақтарға деген махаббаты таңғалдырады. Бір-біріне сыпайы иіліп, сәлем береді. Сондай-ақ бес жүз мың еврейді Палестинаның тас даласына әкеп тастады. Ол жақта су да, құнарлы топырақ та, маман да жоқ. Ал бүгінде Израиль бізді жыл бойы құлпынай, шиемен асырап отыр. Израильдің ғылыми технологиялары ең үздік саналады. Дәрігерлері де мықты», - деді Назарбаев.
Осы орайда Мемлекет басшысы жалқаулықты жеңіп, алға ұмтылу керектігін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан да дамудың жаңа жолдарын іздеу керек. Ол – қазақстандықтардың білім мен ғылымға ұмтылысы болуы қажет.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына қонақжайлылық, мейірімділік пен қамқорлық сынды асыл қасиеттер тән екенін жеткізді.