Қостанай әкімдігі 16 желтоқсанда Жаңа жылдық шыршаны жақпақшы

Қостанайда биіктігі 22 метрлік шыршаның шамы 16 желтоқсанда жағылады

Қостанай қаласында биіктігі 22 метрлік шырша орнатылады, бұл туралы қаланың әкімдігінде өткен жиында айтылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қарлығаш МАДИЯРОВАНЫҢ айтуынша, басты шырша 600 жарықдиодты пиксельдермен безендіріледі.

«16 желтоқсанда сағат 12:00-де облыстық әкімшілік алдында концерттік бағдарлама өтеді. Осы күні кешке басты шырша жағылады. Бұған қоса, Гашек көшесі мен КСК шағын ауданында тағы екі шырша орнатылады. Тобыл өзенінің жағалауында сырғанақ тұрғызылып, орталықта мұз қалашығы бой көтереді», - деді бөлім басшысы.

Жалпы, қаланы Жаңа жыл мерекесіне орай безендіруге 18 млн теңге бөлінді. Дайындық жұмыстары 1 желтоқсанда басталады.