Премьер-министрдің орынбасарына өз компьютерінде порнография сақтады деген айып тағылды
2017 ж. 06 қараша
2501
0
Лондон қаласының бұрынғы комиссары Боб Квик Ұлыбритания үкіметі кеңсесінің басшысы әрі премьер министрдің орынбасары Дэмиан Гринді жұмысқа арналған компьютерінде порнография сақтады деп айыптады,- деп хабарлайды tengrinews.kz.
Квиктің айтуынша, полицейлер 2008 жылы шенеуніктің компьютерін тексеруге рұқсат алған.Офицердің айтуынша, Гриннің компьютерінен табылған видеолар "жесткое порно" деңгейіне жатқызуға болады екен. Оның айтуынша, мұндай жағдайда қызметтік теріс қылық болып табылып, жұмыстан босатуға әбден болады. Гриннің айтуынша, Квиктің айтқандары "жалған әрі арсыздық".
Ол бұрынғы полицейдің өзіне қарсы істеген қастандығы деп санайды. "Ол менің саяси мансабымды бұзғысы келеді. Бұл оқиға - ойдан құрастырылған, ешқандай негізі жоқ", - деп жазды ол Twitter желісіндегі парақшасында.
Қараша айының басында журналист Кейт Молтбри Гриннің тарапынан сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерінің құрбаны болғанын айтқан. Қыздың айтуынша, оқиға 2015 жылы болған. Ұлыбритания премьері Тереза Мэй қыздың арызы бойынша қызметтік тексеріс бастауды тапсырды. Айта кетейік, осыған дейін Ұлыбританияның қорғаныс министрі Майкл Фэллон сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетке барды деген айыптар үшін қызметінен босатылды.