Амандық Баталов: Қазақша өлең жазып, ән айтамын
2017 ж. 02 қараша
3656
5
Бүгін Астанада ОКҚ-да өткен брифингте Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мемлекеттік органдардың басшылары неге бастан-аяқ қазақ тілінде баяндама жасамайды деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Сіз мемлекеттік тілді жетік білген соң, осы сауалды қойып отырмын. Мемлекеттік тілдің жағдайы соншалықты мүшкіл ме?! Неге ел басшылары мемлекеттік тілде амандасып, қоштасуға ғана жарап қалған. Неге жастарға үлгі болып, мемлекеттік тілде толық баяндама жасамасқа?" деген сауал жолдады журналистердің бірі.
Облыс әкімі қазақ тілінде сөйлеуге талаптанып жүргенін айтты.
"Сіз секілді жетік сөйлей алмасам да, қазақ тілін білемін. Шынын айтсам, мен кейде қазақша өлең жазып, ән айтамын", — деді ол.
"Мен кезінде Қостанайда оқыдым, сыныпта үш-ақ адам болдық. Алматыға келгенде қазақ тілінде амандасып, қоштасуды да білмейтін едім. Қазір балаларымды үйретіп, немерелерімді қазақ мектептеріне бердім. Талаптанып жатырмыз", — деді Баталов.