Қырғызстандағы президенттік сайлауда Қазақстанның өзінің «жеке» адамы жоқ - сарапшы
2017 ж. 09 қазан
3470
21
Бішкек пен Астана арасындағы қарым-қатынастар осы елдердің тәуелсіздік алғаннан бері ең ауыр дағдарысты бастан кешуде. Тіпті Қырғызстан үшін өте күрделі 2010 жылы, қазақстандық саясаткерлер мен сарапшылардың сәуір төңкерісіне баға беруіне байланысты болған көршілер арасындағы түсінбеушіліктер де мұндай ашық пікірталасқа дейін жеткен емес еді. Оған қоса, ресми Бішкек тарапынан осындай мәлімдемелер 7 қазанда елдің бірінші адамы деңгейінде жарияланды.
Негізінен, орын алған бұл жайтты Қырғызстандағы сайлау күні қарсаңындағы қызуқандылық деуге де болар еді. Шындығында, дауыс беруге бір апта қалғанда Жээнбеков пен Бабанов арасындағы күрестің барған сайын артып келе жатқандығы соншалық, Қырғызстанның қызметтен кеткелі жатқан президенті билік үміткерінің позициясын нығайту үшін барлық ресурстарды қолдануда.
Тағы бір мәселе, «кандидатты нығайту» ісін көршілес мемлекетті сынау арқылы жүзеге асыру қырғыз билігі ойлағандай емес, мүлдем басқа теріс салдарға әкелуі мүмкін. Бірақ, қалай болғанда да Ақорда 1 желтоқсаннан кейін ҚР жаңа көшбасшысымен жұмыс істейді (оның жергілікті саясатта қандай орын алатыны белгісіз), ал Атамбаевтың сөздерін ресми емес, «жеке пікір» ретінде қарастыруға болар. Қалай болғанда да, Бішкектің бұл партияны өз пайдасына шешуге мүмкіндігі бар.
Бұл жердегі мәселе Бабановтың сапарында немесе сайлау алды риторикада емес. Наградаларды тапсыру рәсімінде сөйлеген Алмазбек Атамбаевтың сөздері «қырғыздардың сайлауы» туралы сюжетке ұқсамайды – сөз арасында екі ел ғалымдарының тарихи түсінбеушіліктері мен қазіргі қазақ саясаткерлерінің рулық жіктері де айтылды. Бұл жағынан алғанда келесі сұрақ туындайды: осының барлығы не үшін айтылды, бұған дқп жауап беру мүмкін емес.
Бұл туралы қазақстандық және қырғыз сарапшылары не ойлайды? Шынымен де, Қазақстанның ҚР президеттігіне үміткер ретіндегі өз адамы бар ма? Алмазбек Атамбаевтың мәлімдемелері екі ел арасындағы қарым-қатынасқа әсер етеді ме? Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жақсылық Сәбитов "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісіне айтып берді.
- Әрине, Қырғызстандағы президенттік сайлауда Қазақстанның өзінің «жеке» адамы жоқ. Қазақстан президентінің Өмірбек Бабановпен кездесуі ҚСДП-ның кандидаты Сооронбай Жээнбековпен өткен кездесуден еш ерекшеленбейді. Қазақстанның бірінші немесе екінші кандидатты қолдағаны туралы қорытынды жасау дұрыс емес. Қазақстан - прагматикалық ел және жеке факторларға қарамастан, Қырғызстанның кез-келген жаңа президентімен жұмыс істейтін болады.
Атамбаевтың демаршы халықаралық қатынастармен еш байланыспайды. Бұл таза ішкісаяси оқиға, ол ең алдымен Бабановқа қысым жасаумен байланысты, оған бүгінде қазақ олигархтарының адам деген айып тағылуда. Бұл ескі политтехнологиялық әдіс. Аталмыш әдісті қолдану Атамбаевтың өз кандидаты үшін онша сенімді емес екендігін білдіреді. Мұндай аяқ асты мәлімдеме билік атынан сайлауға түсетін кандидатқа дауыс берушілер үлесін бірнеше пайызға арттыруға көмектеседі.
Жалпы, мен Қырғызстанның жаңа президенті екі ел арасындағы тиімді, бауырлас қарым-қатынастардың болғанын қалайды деп ойлаймын. Атамбаев есік қатты жабу арқылы өз кандидатына көмектескісі келді. Бұл саяси акт екі елдің қарым-қатынасына сызат түсіре қоймайды деп ойлаймын.