Н. Назарбаев: Қай елде тұрсаң, сол елдің тілін білу керек
2017 ж. 05 қазан
4271
35
Орталық атақты Жұбановтар әулетінің көрнекті тұлғаларының шығармашылық мұрасын дәріптеу, сондай-ақ дарынды балаларды оқыту мақсатымен салынды. Мемлекет басшысына бұл нысанның құрылысы жеке адамдардың қаржысы арқылы жүргізілгені баяндалды.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы aktobenews.kz сілтеме жасап хабарлайды.Қазақстан Президенті еліміздің көрнекті ғылым және өнер қайраткерлері – Жұбановтардың өмірі мен шығармашылығына арналған музейді аралап көрді. Бұдан бөлек, Елбасы облыстың жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Нұрсұлтан Назарбаев «Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап көрсетілген жаңғыру үдерісінің ерекшеліктеріне тоқталды.
– Әлем көз алдымызда өзгеруде, біз сол өзгерістердің ортасындамыз. Жаңа ғылымдар пайда болып, тың көзқарас қалыптасуда. Барлық реформалар, соның ішінде қоғамдық сананы жаңғырту үдерісі замандастарымызды жарқын болашаққа дайындау үшін жасалуда, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Елбасы Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар Ақтөбе де инновация орталығы болып, өндірістік, қаржылық және адами ресурстарды тартатын факторға айналуға тиіс екендігін ерекше атап өтті.
– Тәуелсіздік жылдарында Ақтөбе облысының халқы екі есе өсті. Осы көрсеткішті арттыру мақсатымен мұнда тұтас шағын аудандар мен қажетті инфрақұрылым салынуда. Барлық жағдай жасалып жатыр. Тұрғын-үй, жол салынып, газ бен су құбырлары тартылуда. Сол сияқты бүкіл Қазақстан аумағы жол желісімен қамтылады. Міне, даму дегеніміз – осы. Мұны адами даму деуге де болады, – деді Мемлекет басшысы.
Кездесу барысында Президент тіл мәселесіне де қатысты өз ойын айтты.- Қазір біз ағылшын тілі, латын әліпбиі туралы айтып жатырмыз. Оның ұлтымызға қатысы жоқ. Егер жүрегімізді тыңдасақ, біз біртұтас елміз... Біздің балаларымыз – планета балалары. Болашақтың тілін меңгеруге тиіспіз. Жастарымыз жаңа әлемнің талабына сай болу керек. Қай елде тұрсаң, сол елдің тілін білу керек. Олай болмаған күнде қоғам қабылдамайды, шеттеп қаласың, - деді Елбасы.
Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев облыс тұрындарына амандық пен бақ-береке тілеп, еліміздің өркендеуі жолында табысқа жетулеріне ниеттестігін білдірді.