Украинада білім тек Мемлекеттік тілде ғана беріледі - Порошенко заңға қол қойды
2017 ж. 26 қыркүйек
2688
8
Украина Президенті Петр Порошенко білім жүйесін украинизациялау туралы заңғы қол қойды. Бұл Украинада білім жүйесі тек Украин тілінде ғана жүргізілетінін білдіреді, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі.
«Аталмыш заң жобасы білім жүйесін жетілдіруге, оның сапасын арттыруға көмектеседі және Украинаның еуропалық білім кеңістігіне өтуіне ықпал жасайды», — делінген Порошенконың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Порошенконың пікіріне келсек, ол "аталмыш заң НЕГІЗГІ ЗАҢ. Білім жүйесін ретке келтірмей мемлекеттің болашағын ойлау мүмкін емес" деп санайды.