Трамп КХДР-ды "толықтай жойып жіберемін" деп мәлімдеді
2017 ж. 21 қыркүйек
2794
0

АҚШ лидері Дональд Трамп алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлей отырып, КХДР Америка Құрама Штаттарына қауіп төндіретін жағдайда оларды жоюға тура келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"АҚШ-тың шыдамы жетеді, АҚШ мықты ел. Бірақ бізге одақтас елдерді қорғау керек болса немесе өзімізді қорғау керек болса бізге Солтүстік Кореяны толықтай жоюға тура келеді. АҚШ КХДР-ды жоя алады және жойғысы келеді. Бірақ бұлай жасау керек болмайды деп үміттенеміз", - деді Трамп.
Басылымның мәліметінше, Дональд Трамп өз сөзінде Қытай мен Ресейге санкция енгізуде көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ, АҚШ президенті Иранға қатысты пікір білдірді. "Иран үкіметі өздерінің сыбайласқан диктатураларын жалған демократиямен жасырып отыр", - деді Трамп.