КХДР ядролық қарудан бас тарпайтынын мәлімдеді
2017 ж. 15 қыркүйек
2184
2

КХДР-дің орталық партиялық газеті «Нодон синмун» жұма күнгі ұшырылған баллистикалық зымыран сынағынан кейін, ешқандай қысым Солтүстік Кореяны ядролық қару мен баллистикалық зымыран шығарудан бас тартпайтынын мәлімдеді деп жазады РИА Новости-ге сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Ешқандай қысым бізге әсер етпейді» деген тақырыпта Кореяның Еңбек партиясының басылымы мақала жариялап, онда АҚШ-ты Пхеньянға құлақ асуға шақырады.
«Егер АҚШ біздің кеңестерімізге құлақ аспайтын болса, біздің қауіпсіздік үшін жасалатын шараларымыз одан да қаталдана түседі»-деп жазылады «Нодон синмун» басылымында.