Мұсылман мемлекеттері ғылыми-технологиялық дамуды жылдамдату керек - Салтыбаев
2017 ж. 12 қыркүйек
2771
0
Қыркүйектің 10-11 аралығында Астанада өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технологиялар бойынша саммиті ислам әлемінің инновацияларды дамыту саласындағы жаһандық бәсекелестікке қатысатынын айқындады.
- Ерекше атап өтетін жайт, саммитті шақыру идеясын 2016 жылы Стамбулда ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын. Қазақстанның бастамасы бойынша ИЫҰ аясында ғылыми-инновациялық дамуға бағытталған жаңа жалпы күн тәртібі әзірленді.
Нақты айтсақ, астаналық саммит аясында, Қазақстан күллі жаһандық мұсылман қауымдастығын қайта жаңғырту бойынша модератор рөліне кірісті. Мемлекет басшысы атап өткен барлық ұсыныстар дәл осы салаға негізделген.
Бүгінде егер жаңғыру процестері мен ғылыми-технологиялық дамуды тездетпесе, онда ИЫҰ біріктіріп отырған 1,5 млрд адам жалпы әлемдік трансформациядан тыс қалуы мүмкін. Ал, технологиялық ажырау деңгейі тіпті өлшеусіз болуы мүмкін.
Мұсылман елдері орта есеппен ЖІӨ 0,5% ғана зерттеулер мен зерттемелерге жұмсайды. Егер ЖІӨ 1,78% құрайтын орташа әлемдік көрсеткішпен және ЭСДҰ елдерінің 2% жоғары көрсеткіштерімен салыстырсақ, білім мен ғылымды қаржыландыру жеткіліксіз екенін түсінеміз.
Осыған байланысты, тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін мұсылман мемлекеттеріне жаһандану үрдісінен қалыспауы шарт, бұл үшін барлық ИЫҰ мемлекеттерінің, бірінші кезекте көшбасшы мемлекеттірдің біріге жұмыс істеуі керек.
Осы тұрғыдан алғанда, Назарбаевтың "Үлкен жиырмалық" форматында жұмыс істей алатын ИЫҰ алдыңғы қатарлы 15 мемлекетінің клубын құру туралы ұсынысын ерекше атап өткен жөн.
ИЫҰ-15-ті құру өте орынды ұсыныс. Аталған ұйымның жалпы ЖІӨ көлемінің 86 пайызын алатын ислам әлемінің алдыңғы қатарлы экономикаларының элиталық клубы қалыптасатыны болжануда. Қазақстан бүгінде ИЫҰ мүше елдер арасында ЖІӨ көлемі бойынша 14-орынды алып отыр, сондай-ақ, Орталық Азия секілді маңызды аймақтың өте ірі экономикасы болып табылады.
Болашақта ИЫҰ-15 форматы Джи-20 аналогы бойынша ислам әлеміндегі өзекті мәселелерді айқындып, оларды шешу жолдарын әзірлей алар еді. Сонымен қатар, ИЫҰ алдыңғы қатарлы мемлекеттері инновация саласында жаһандық трендтерді өздері айтатындай деңгей жетуге ұмтылуы керек.
Біздіңше, ИЫҰ ірі экономикаларының формальды емес форумы мұсылман мемлекеттері арасындағы өзекті халықаралық мәселелерді шешу бойынша келісімді тездете алады. Ал, келісімді шара өткізу бүгінгі күні қажетті шарт болып табылады, себебі, әлем қазіргі уақытта кезекті экономикалық дағдарыс пен геосаяси шиеленіс алдында тұр.
Ержан Салтыбаев,
ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры жанындағы
Әлемдік экономика және саясат институтының директоры
Қазақ үні