Астанада Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті Құран аяттарымен ашылды
2017 ж. 10 қыркүйек
2737
1
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорда төрінде басталған Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитін ашық деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті саммитке қатысушылар, ханымдар мен мырзалар! Қонақжай қазақ жеріне қош келдіңіздер. Елордамыз Астанада осы жоғары деңгейдегі құрылтайды өткізу біздің ел үшін зор мәртебе. Бұл басқосуымыз ислам үмбетінің тарихында ерекше із қалдырады деп сенеміз. Отырыстың төрағасы ретінде Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінің жұмысын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер», - деді Қазақстан Президенті.
Осыдан кейін Құран аяттары оқылып, саммит жұмысы басталды. Бұған дейін хабарланғандай, 10-11 қыркүйек күндері елордадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым мен технологиялар жөніндегі бірінші саммиті өтуде. Саммитке ИЫҰ-ға мүше елдердің, сонымен қатар халықаралық және өңірлік ұйымдардың 80-ге жуық делегациясы қатысуда.