Әкемнің соңғы хаты туған жеріне жазылды...

муратМұрат Әуезов, Мәдениеттанушы-ғалым:

– Әкеңіздің ерекшелігі неде?

– Әкемнің ерекшелігі не жазса да адамның ойын қозғайды. Абайдан тараған әсері бар. Ол кісі сөздің қадірін білген, ешуақытта қор қылмаған. Өзіндік ойы болған. Үлкен арманы бар еді, 10 миллион қазақ арасында сөйлесем деген. Ол кезде қазақстанда үш жарым миллион шамасында қазақ болған.

– Әкеңіздің соңғы демі Мәскеуде, Кунцевский ауруханасында үзілді. Өмірінің соңғы сәтінде қасында болдыңыз ба?

– Әкем қайтыс болғанда жасым он сегізде, 1961жылы қайтыс болды. Мәскеуде «Кунцевский» ауруханасында операция үстінде үзілді. Ол кезде нархоз нашар үлкен адамға қиын, содан жүрегі шыдамады. Әкеме қылтамақ деген диагноз қойылды. Содан асқазандағы қылтамақты алып тастайтын болды. Соның барлығына 6 сағат уақыт кетті, жүрек шыдамады. Аяқ астынан кетіп қалды. Мен күніге қасында болдым. Әкем маған арнайы ақша бөліп, сен күніге келіп тұр дейтін, арамыз 30 шақырым Мәскеу мен аурухананың арасы. Содан күніге барып тұрдым.Сол кездері осы Алматыдағы жазушыларға көптеген хаттар жазатын. Маған жазып беріп жібереді мен Мәскеудің орталығына барып почта арқылы жіберіп отырдым. Ең соңғы хаты әкеміз 1961 жылдың маусым айының 27 сі күні қайтыс болды. 26 сы күні қасына ешкімді жолатқан жоқ, операцияға дайындады. Ал, 25 күні түстен кейін бардым, сол кезде әкеме ұсыныс айттым. Жазғы демалыс кезінде, Семейге барып келсем деген ойымды жеткіздім.

– Аға, әкеңіздің ақыл-кеңесі, берген тәрбиесі, сіздің шығармашылық өкілі ретінде бар қырыңызбен жарқырап көрінуіңізге өз әсерін тигізді ме?

– Әсері өте зор. Әкем өте мықты тәрбиеші болды. Өзінің балаларының сауатты болуына, өмірде абыройлы орын алуға ерекше мән беріп, әкелік борышын атқарып кетті. Әкем пайғамбар жасында яғни 63-інде қайтыс болды. Соған байланыста, жақында «Мұхтар Әуезов» қоры, «Әуезовтың ата-тегі» атты кітап шығардық. Әкем қожа руынан тараған. Сопылар, қожалар туралы кезінде әртүрлі түсініктер болған. «Біздің арғы аталарымыз араб шөлдерінен» деген бір-екі ауыз сөзі болмаса, заман оған өзінің бабалары туралы айтуға мүмкіндік берген жоқ. Сондықтан да сол қожалардың тарихын жақсылап көрсетуге тырыстық. Сегізінші ғасырдан бастап «ислам», «арша» дейтін қозғалыс басталды. Алдымен арабтар, қаралы күштер, пайғамбар оның сахабалары, ізбасарлары, оның ішінде Хазірет Әлі және орта Азияға, соның ішінде қазақстанға қоныстануы және олардың ішкі жағдайларына байланысты, осында ішкі күрестері болған. Сол кезде осында кеткен жауынгерлер атамекеніне оралуға деген мүмкіндіктерінен айырылып қалған. Содан олар қылыштарын тастап, қолдарына қалам алып құранның сөздерін насихаттауға кіріскен. Ол кезде араб елі тез тараған және Гректің философтарын өте жақсы білген. Жалпы шығыстың білімін санасына сіңірген. Осында келген қожалар сол білімді 1500 жылдай сақтаған десем қателеспеймін. Олар Қаратау, Түркістан жақтарға мекендеген және қаламның адамдары болған, тек жаза білген. Өздерінің рухани ізденістері болған. Аталмыш кітапта Хазірет Әлі және одан тараған ұрпақтар қазақтың тарихына үлкен үлес қосқан адамдар жайында жақсы жазылған. Оның ішінде Х.А.Яссауи де бар. Мұны айтып отырғаным, Өзге елдер арасында да қожалар бар.Мысалы, өзбектердің арасындағы қожаларда дін жағынан кім күшті болса, сол беделді орын алған. Қай үйден шықса да білімі болсын деген негізгі принцип қойған. Ал енді Қырғыстанның, Қазақстанның арасына келген қожалар олардың жағдайы басқаша болды. Өйткені кең далада, дастарханда жайылған бауырсақтай деуге болады. Әкеден балаға мұра болып өту керек. Білімнің қалай келетіні ғасырдан ғасырға жалғасып келді. Біздің бабаларымыз өзінің балаларын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлген. Сондықтан әкеміз бұл заңды қатты ұстаған. Өз басыма келсек, әкемнің көрегендігі сол, мені 1949 жылы осы Алматыдағы қазақ мектебіне алғашқы сыныпқа қолымнан жетектеп алып барған. Ол кезде Алматыда 10-ақ пайыз қазақ тұрушы еді. Зиялы қауым, шиновниктер, басшылықтың ішінен бірде-біреуі балаларын қазақ мектепке берген жоқ. Мені әкем сол №18 қазақ мектебіне апарған. Ол кезде қазақ тілінде екі-ақ мектеп болатын. Бірі қыздарға арналған, екіншісі ұлдарға.Осы жерде әкемнің көрегендігі мені қазақ мектебіне апарып, алғашқы әріпті қазақша танытып, үш жыл сол мектепте оқыдым. Қазір қарасам, сол менің негізімді қалады деуге болады. Бірақ, 4 сыныптан бастап орыс мектебіне ауысуға мәжбүр болдым. Өйткені, ол кездері қазақ мектебінің деңгейі төмен еді. Сондықтан да әкем 3-сыныптан, 4-сыныпқа ауысар кезде 2 мұғалім жалдап біреуі орыс тілінен, екіншісі ағылшын тілінен сабақ берді. Ол кезде 9 жастағы ойын баласымын, достарымның барлығы далада ойнап жүреді, ал мені әкем көп оқытты. Соның арқасында 4 сыныпқа жақсы дайындықпен бардым. Ол кездері қазақ тілі жоқтың қасы басылым беттерінің көпшілігі орыс тілінде. Солай бара-бара қазақшадан алыстай бастадым. Бірақ, әкем ол жағынан жақсы қадағалады. 1956-1958 жылдары үш жыл қатарынан Ыстық көлдің жағасына әкеммен бірге және бауырым Ернар үшеуміз барып демалатынбыз. Әкемнің арманы сол Ыстықкөлдің жағасынан үй салу еді. Ол жерге бара қалсақ, әкемізді өте жақсы, жылы қарсы алатын. Себебі, 1952 жылы үлкен ерлік жасады деп мақтанышпен айта аламын. Қырғыздардың ұлы эпосы «Манасты» сақтап қалуға оның қауіпті екенін білсе де, саналы түрде жұмыс атқарды. Сондықтан да Алматыдан кетуге мәжбүр болды. Өйткені қуғын басталды және қолға түсіреміз деген ордер жазылған екен. Сондықтан жақын достары құпия түрде Мәскеуге жіберуге ат салысты. Қандай жағдай болсада қырғыздардың эпосын сақтай білді. Жақында ғана сол кезде сөйлеген сөзі жарық көрді. Біз осы «Мұхтар Әуезов қоры» қырғыз бауырлармен қосылып, біз қаржылай көмектесіп, олар «Мұхтар Әуезов және Қырғызстан» деген үлкен кітап шығарды. Сонда әкеміздің 1952 жылы сөйлеген сөзі толығымен шыққан. Қырғыздар жақсы құрметтеп, үлкен ілтипатпен қарсы алған, әкеміздің «манасқа» деген көңілі ешуақытта да суыған емес. Қайта білімін тереңдетуге көп әрекеттер жасаған екен. Сол кезде біз қасында жүрген кішкентай бөлтірікпіз, бауырым Ернар екеуміз. Бірде әкеммен қырғыздардың ұлы манастарын іздеуге бардық. Сонда мына Сайақбай Қарабалаев ең мықты манасшылардың бірі, соның ауылына болдық. Ол кезде қазақстанда бүркітшілер жоқ. Аң аулау мәдениетін қырғыздар жақсы сақтай білген. Сол Сайақбайдың ауылында осының бәрін көріп,содан кейін Сайақбай қобызын алып, манасын айтып жатыр. Біз Ернар екеуміз барып тыңдап, мен түсіне бастадым. Әкемнің құлағына барып сыбырлап мен түсініп отырмын дедім. Негізі мұхият қарап отырсаң, қазақ тіліне өте ұқсас, бізге етене жақын халық екенін сезіндім. Сонда әкемнің үлкен тәрбиесі Қырғыздардың тілін түсінсең, мәдениетін бағалай білсең және өзіңнің не білетініңді жеткізе білсең, ол әкеме ұнайды деген сөз. Біз әкемізге ұнағымыз келді менің де, Ернардың да. Ернардың құстардың өмірін зерттеуге құмар, құштар болды. Жақында ғана қазақ әдебиетіне үлкен Алакөлдің «Шалаға» туралы мақаласы шықты. Ол мақаланы оқысаңыз үлкен жазушылық шеберлікпен, үлкен ғылыми білімділікпен жазылған. Демек, әкем оның құстарға табиғатқа жақын екенін білген. Алла тағала саған берген ерекше дарыны болада. Енді әр адам әр түрлі ғой. Әрқайсысымыздың бойымызға сіңген ерекше қабілетіміз бар. Сол жағынан күшті боласың. Сондықтан өзіңді жас кезінде неге бейім екеніңді тауып алуың керек және соны дамыта білу керек. Өйткені, жеке басыңның табиғатыңның өзі соған жақын. Ал сол дарынды таба білсең өмірден адаспайсың . Сондықтан әкеміз Ернардың табиғатқа неше түрлі жәндіктерге бейім екенін сезген. Сол жағынан әкеміз көп көмектесті. Ернар бауырым дүние жүзіне аты шыққан ғалым, құстарды зерттеуден жаңалық ашқан. Тіпті, дүние жүзі ғалымдары мойындаған.

– Әкеңізбен әңгіме-дүкен құрғанда, сыр бөлісіп, шер тарқатқанда көбінесе не жайында әңгімелесетін едіңіздер?

– Мен мектепті орыс тілінде бітірдім. Сондықтан 9-сыныптан бастап, болашағымыз туралы көп әңгімелесетінбіз. Содан әкеммен ақылдасып мен химик боламын деп шештім. Өйткені мектепте химия пәнін өте жақсы оқыдым. Соған дайындалып жүрдім. Бұл туралы әкемнің хаттарында да бар. Бірақ жарты жыл қалғанда әкемнің сөздері яғни өз-өзіңді қателеспей таңдай біл дейтін. Сондай сөздер әсер еткен болу керек, мен мектепке ертерек барғандықтан 16 жасымда бітіріп шықтым. Ал енді сонда 15 жастағы баламын әкеме айттым. Маған химиядан гөрі, мені қызықтыратын тарих мен әдебиет дедім. Енді бұл шындығым болды. Ол кісі риза болып, маған ақыл кеңесін айтты. Бұл гуманитарлық сала үлкен білімділік, ізденіс керек деді. Солай бел буып кірістік. Сол кезде Мәскеу университетінде «Шығыстану» факультеті ашылды. Онда қытай тілі, араб тілі бар екен, тағы басқа біршене корей, ветнамь тілдері бар екен. Соған қазақстаннан баруға бірінші рет мүмкіндік туды. Содан ақылдасып отырып әкемнің тілегі араб тілі болды. Мен осы жерде емтиханды жақсы тапсырғанмын. Сол жаққа барғанда араб тілін оқуға болмайды дейді. Араб тілінде оқу үшін мектепте ағылшын тілінде оқу керек екен, мен неміс тілінде оқығанмын. Сонымен мені Ветнам тіліне кіргізіп қойды. Әкем мұны естіп тулап, «бұл не деген сұмдық» деді. Содан бір-бірімізге күнде телеграмма жіберіп күнделікті жағдайымызды біліп отырдық. Содан ректорға хаттар жіберіп, араб тілі болмаса қытай тіліне ауыстырылсын деп. Осы жерде қараңыз қандай тәрбие, өйткені қытай тілінде қазақтардың тарихына байланысты көптеген деректер бар екен. Содан менің қазақ екенімдітағы есіме салып, қазақсың қазақ екеніңді ұмытпа дегендей, қытай тіліне ауыстырды. Сонымен Қытай тілі меніңөмірімді үлкен орын алды, шығыстанушы болдым. Осында орыс мектебіне ауысқанда қазақшамнан алыстап бара жатқандай болдым. Бірақ әкемнің тәрбиесі жақсы болды. Егерде қазіргі уақытта кімде кім баласының болашағын ойласа қай тілде оқытса да, балабақшадан бастап немесе кемінде 3-4 сыныпқа дейін қазақ тілінде оқыту керек. Бұл өз өмірімдегі тәжірбием және әкемнің ақылы. Бұл мәселеге әкем қатты мән берген. Жақында немерелі болдым, төртінші немерем дүниеге келді. Келініме талап қойдым, қазақ әуендерін тыңда, немеремнің құлағына сіңсін дедім.

– Әкеңіздің ерекшелігі неде?

– Әкемнің ерекшелігі не жазса да адамның ойын қозғайды. Абайдан тараған әсері бар. Ол кісі сөздің қадірін білген, ешуақытта қор қылмаған. Өзіндік ойы болған. Үлкен арманы бар еді, 10 миллион қазақ арасында сөйлесем деген. Ол кезде қазақстанда үш жарым миллион шамасында қазақ болған.

– Әкеңіздің соңғы демі Мәскеуде, Кунцевский ауруханасында үзілді. Өмірінің соңғы сәтінде қасында болдыңыз ба?

– Әкем қайтыс болғанда жасым он сегізде, 1961жылы қайтыс болды. Мәскеуде «Кунцевский» ауруханасында операция үстінде үзілді. Ол кезде нархоз нашар үлкен адамға қиын, содан жүрегі шыдамады. Әкеме қылтамақ деген диагноз қойылды. Содан асқазандағы қылтамақты алып тастайтын болды. Соның барлығына 6 сағат уақыт кетті, жүрек шыдамады. Аяқ астынан кетіп қалды. Мен күніге қасында болдым. Әкем маған арнайы ақша бөліп, сен күніге келіп тұр дейтін, арамыз 30 шақырым Мәскеу мен аурухананың арасы. Содан күніге барып тұрдым.Сол кездері осы Алматыдағы жазушыларға көптеген хаттар жазатын. Маған жазып беріп жібереді мен Мәскеудің орталығына барып почта арқылы жіберіп отырдым. Ең соңғы хаты әкеміз 1960 жылдың маусым айының 27 сі күні қайтыс болды. 26 сы күні қасына ешкімді жолатқан жоқ, операцияға дайындады. Ал, 25 күні түстен кейін бардым, сол кезде әкеме ұсыныс айттым. Жазғы демалыс кезінде, Семейге барып келсем деген ойымды жеткіздім. Бұл ұсынысымды сондай жылы қабылдап, көңілі көтеріліп қалды. Содан екі хат жазды. Ол хаттар бар, Семеймен Қарауылдың арасында «Бөрі» дейтін жер бар, әкемнің туған жері, сонда мұражайда сақтаулы. Әкемнің ең соңғы рет қолына қалам алып, жазған хаты туған жеріне болды.Балташ ақсақал бар екеуің ұлыма туған жерімді таныстырыңдар деген жақсы жылы хаты болды. Негізінде әкем екеуміздің жоспарымыз былай болды. Мен сол жерден күнделік жазуым керек. Бұл маған үлкен тапсырма. 18 жастан асқаннан кейін әкем маған басқаша қарап, салмақты сөйлейтін.

(Соңы. Басы 11-бетте)

Сен сол тапсырманы бітіргеннен кейін, Ыстықкөлде кездесеміз деді. Сонда сенің жазған күнделігіңді оқимыз деді. Әкем менің жазуға икемім бар ма, жоқ па тексергісі келген болар. Содан Ыстықкөлде кездесетін болдық. Бірақ әкем ол күнге жете алмады. Сонда әкем туған жеріне баруымды қолдады. Ауылдың жағдайын, әлеуметтік жағдайын білсін дегені ғой. Бірақ сол жылы бара алмадық. Келесі жылы Мәскеуде жора жолдастарыммен Болат Тайжан Ануар, Алтай «Жас тұлпар» ұйы­мын құра бастадық.

– «Абай жолы» романы сияқты, тұғыры биік туынды жарыққа шығады деп ойлайсыз ба?

– «Абай жолы» сияқты роман жазу ешкімнің қолынан келмейді.Ол көшпенділердің дәуірі кетті. Әкеміз соның бәрін көріп қалды. Және бұл романды жазуға мына 30 жылдардағы ашаршылық болоды ғой, соның бәрін ақтап қалған және шығармаға енгізген. Әкем бұрын роман жазбаған, драматургия, поветске шебер болған. Ал енді мұнда азаматтық борышы. Бұл мәңгілік шығарма. Енді ешқашан қайталанбайды. Үлкен алып ескерткіш біздің көшпелі бабаларымыздың тарихынан.

– Осы «Абай жолы» романы жайында әкеңіз қандай әңгімелерді айтатын еді. Яғни аталмыш романды жазуға не итермелеген?

– Әкемнің роман жазам деген ойы болмаған, шәкірт кезінде атасы Әуездің әңгімелерін тапжылмай, ұзақ тыңдаған. Соның әсері болу керек. Ол кісі Абай жайында материалдар жинағанда тарихи романдар авторларының талайы-ақ біле бермейтін өзгеше бір жәйттерге тап болған. Өйткені, Абайдың өмірі мен еңбегі, түр-түсі мен сипаты жайында қағазға түскен немесе жарияланған бірде-бір дерек, өзінің жеке архиві мен күнделігі, хаттары мен мемуарлары, тіпті замандастарының ақын жайында хатқа түскен естеліктері сақталмаған. Ақынның өміріне байланысты деректер мен романның бүкіл оқиғаларын Абайды көзімен көрген, жақын білген жандардан ұзақ уақыт бойына ауызба ауыз сұрау, әңгімелесу арқылы жинауға тура келген. Олардың көбі кәрілік меңдеген шалдар екен. Сондықтан олар өткен күндердің белгісін де, адамдардың бейнесі мен сөйлеу мәнерін де, оқиғаларды да ұмытыңқырап қалған. Тіпті, Абайдың шәкірті Көкбаймен де әңгімелескен. Көкбай 1927 жылы қайтыс болған. Ол Абайдан аттай он алты жас кіші еді. Сондықтан ақынның жастық шағы жайында мандымды ештеңе айта алмаған. Сонымен қатар, материал жинай жүріп, Абайдың достарымен, сыйластарымен, бұрындары қастастық жасаған жауларымен де әңгімелескен. Міне, осындай ізденудің арқасында болашақ қаһарманы жайында аса көп материал жинақтаған. Тағы айтатыны, Абайдың балалық және жастық шағы жайындағы романды аяқтаған соң да сол кітапқа кірмей қалған материалдары мейлінше көп болған. Солай, материалдың мейлінше молдығы менің еңбегімнің сәтті боп шығуына аса көп септігін тигізген. Бірақ материал жинауда талай-талай қиындықтарға тапа болған. Дегенмен, әкем қарт адамдардың комескі жадында ұмыт болған көп нәрселерді қайта естеріне түсіртіп, айтқызып алған. Әкем, Абаймен бірге сол халықтың жан-жүрегін ұғуға және соны бір абзал қалпында ашып беруге, жайып салуға барынша тырыстқан.

– Жалпы, Мұтар Әуезовтың жазған шығармалары, еңбектері жайында білмейтін адам кемде-кем шығар. Дегенмен, әкеңіздің қаламынан туындаған еңбектері мен жеткен жайында бір үзік сыр айтып берсеңіз?

– Семейде әкемнің өзінің пъесалары арқылы тұңғыш мәдени-ағарту «Ес аймақ» үйірмесінің қалыптасуы мен өсуіне баға жетпес көмек көрсетті. Шығанақтағы жұмысшылар үшін «Сібір бурлактары» клубында «Ел ағасы» пъесасы қойылды, пьесаның қолжазбасы, кейіннен өкінішке қарай, жоғалып кетті, 1921 жылдың бас кезінде «Бәйбіше-тоқал» төрт актілі драма жазып, оны өзінің тікелей басшылық етуімен 1921 жылы 23 наурызда Свердлов атындағы клубта сахнаға қойған. 1922 жылы 20-шы желтоқсанда Луначарский атындағы театрдың көрермендері қазақ драматургиясының інжу-маржаны, дала Ромеосы мен Джульеттасы туралы «Еңлік-Кебек» пьесасын көрген. Қызылорда өңіріндегі тұңғыш кәсіби театрдың шымылдығы 1926 жылы әкемнің «Еңлік-Кебек» пьесасымен ашылғандығының өзі кездейсоқ құбылыс дей алмаймын. Әкем ұзын ырғасы жиырмадан астам пьеса жазған, бірақ олардың әрқайсысының тағдыры әртүрлі болған. Сонымен қатар, әкемнің жетістіктеріне тоқталсам 1957 жылы шілдеде Ташкентте өткен шығыстанушы-ғалымдардың бірінші конференциясында, 1958 жылы Ташкенттегі Азия және Африка елдері жазушыларының конференциясында, 1960 жылы қарашада Душанбеде өткен Азия және Африка халықтары ынтымақтастығының бірінші конференциясында және 1960 жылы Мәскеудс өткен шығыстану жөніндегі XXV Халықаралық конгрессте аса тұщымды, әрі тартымды сөз сөйлеген. Өйткені, әкемнің сөйлеген сөздері қашанда қалың көпшіліктің жүрегіне жол тауып жататын.

– Бүгінгі жастарға көңілің тола ма?

– Ұлы Абай қазақтың болашағын өте тереңнен ойлаған және де болашақ үшін күресу үшін сен үлкен білімнің иесі керек. Сондықтан білім керек қазақ елі және дүние жүзі Абайдың бұл үндеуәне өте жақсы қабылдады. Абайдың ерекшелігі болған ол енді әндері, өзінің қара сөздері. Өлеңнің өзі соның барлығына әр ғасырда абайдан адам болу керек. Өйткені 20 ғасырода болмаған қиындықтардың барлығы қазақтың басында болды. Түрлі қозғалыстар, репрециялар 30 жылдардағы ашаршылық, ядролық сынақтар, табиғатпен не істемеді 20 ғасырда қызыл империяның кезі, осындай кезеңде Абайдай адам керек болды. Абайды осындай өлшеммен бағамдауымыз керек. Тек қана замандастарын ғана емес болашақ үшін және тек қана 21 ғасырмен шектелмейтін болашақ үшін еңбек етті. Енді бұл ұлт ретіндеүлкен үлес қосты. Соның әсерінен ақшасы болсын болмасын, қаражат іздеп қазақтар балаларын мектепке бере бастады. «Білім күш, білім қару» деген ұғым жақсы қалыптасты. Дәл осы толқынменалаштың азаматтары елі үшін жақсы күресе білген. Ал әкеміз Мұхтар әуезов алаштың арасында жастайынан жүрген және өмір бойы сол алаштың идеяларына берік болған. Мысалы,Мұхтар әуезов, Қ. Сәтпаев, Ә.Марғұлан олар мына жан-жақты сегіз қырлы бір сырлы болған. Жазған шығармаларын оқып көрсеңіз. Мысалы, әкемнің «Қилы заман» 16 жылдыңкөтерілісі. Ш.Айтатов айтып кеткен, отаршылдыққа қарсы дүние жүзінде үлкен шығарма деген. Сонда орыс тіліне аударғанда әкеміз қайтыс болды, аудармашщылар нашарлық жасаған.тіпті «Абай жолы» романының өзі көптеген редакцияға ұшырағанү Көптеген жерлері қысқарған М: Құнанбайды мүлде басқаша көрсеткен. Ал енді біз «Мұхтар Әуезов» қоры жаңадан бұрынғы түпнұсқасымен сөзбе-сөз, жолма-жол жазып бұрынғы қысқартылғандарын орнына келтіріп, қайтадан шығарып жатырмыз. Қазақ тілінде де солай. Мына «жазушы» баспасы роанмды дискі етіп шығарған, бірақ қысқартылған түрде. Түпнұсқасына келтіріп қайтадан дискіні шығармақшы, тұсаукесерін өткіземіз. Бұл енді әкемнің жазған алып шыңдары ғой. Қаракөзі, Қобыландысы болсын ғажап.

– «Жас тұлпар» ұйымын құрған кезде сіздер 18-20 жастағы бозбалалар екенсіздер. Сол кезде бұл қадамға саналы түрде бардыңыздар ма, әлде бастап жүрген немесе бағыт-бағдар берген үлкендер болды ма?

– Бірде Мәскеуде оқитын қазақтар мен бас қосып, шәй ішіп отырғанбыз. Кеш батыпшам шағып отырғанда біреу Абайдың қара өлеңдерін айтып жатыр, сондай керемет айттын. Содан ойландық біз қазақтан алыстап бара жатқандаймыз. Өйткені өзге елде қытай тілін оқыдық. Ал ол кезде Абайдың өлеңдері «Көзімнің қарасы» қатты әсер етті. Ол кезде жаспыз ғой.Жас адам ғашық бола біледі, ақиқатқа ұмтылады. Содан бастап қазақтың әндерін пластинкамен тыңдай бастадық. Содан ой келді.Қазақстанға барып келсек, нақты жағдайды білсек, не болып жатқанын деген ойға келдік. Ал енді, оған қаражат. Сол кезде конкурс болды. Ол кезде қазақстанды 2-ші тың өлкесі деп атайтын. Содан олар бір конкурс жариялаған екен, соған барып жеңдік. Соған біз бүкілодақтың комсомолдардың атынан бардық. Ол кезде уақыттың өзі ұлттар мен ұлыстарға серпін беріп, осындай ұйым құруға мәжбүрлеп, ынталандырып тұрғандай еді.  Мәскеуде, Кеңес одағының кеңістігінде біраз өзгерістер жүріп жатқан. Мысалы Евгений Евтушенко,  Андрей Вознесенский сияқты ақындар алаңға, халықтың алдына шығып өлең оқитын. Олардың кең ауқымды, батыл ойларына көптеген ұлт өкілдері де үн қата бастады. Әлі есімде, сібірдегі аз халықтардың бірі  — чукча жазушысы Юрий Рытхеу «Біз — кімбіз?» деген сұрақ қойып, тереңнен толғады. Әр ұлттың өзінше бой көрсетуінің тарихи себептері көп еді. Әсіресе, бұл  жаңаша көңіл күй Мәскеуде анық байқалды. Бүкіл интеллигенция бас қосқан үлкен орталықта озық ойлы адамдардың ықпалы күшті болды. Бұл қоғамдыға жағдайдың жалпы көрінісі,  негізінде әркімге  әртүрлі себептер әсер етті.

– «Жас тұлпар»  қалай әрекет етті?

– Үш бағытта жұмыс істедік. Бірінші, қазақ студенттерінің оқуына көмектесу, екінші, қысқы және жазғы демалыс кездерінде қазақ ауылдарын аралап келу.  Біз мұны іске асырдық. Жамбыл, Шымкент, Қызылорда, Ақмола облыстарына, Омбы облысының қазақтар тұратын аудандарына барып тұрдық. Үшінші — ұлттық мәселе. Оны біреулер әншілік-күйшілік өнерімен көтерсе, енді біреулер оқыған-тоқыған білімін пайдаланды. Ленин кітапханасында ұлттық мәселеге байланысты кітаптарды зерделеп, көкейге түйгендерін әңгімеледі.  «Жас тұлпар» осылай жақсы ұйымдасты. Сонымен қатар,қанатын кең жайды. Ленинградта біздің достарымыз «Арай» деген атаумен ұйым құрды. Рига, Харьков, Саратов сияқты бірқатар өзге де қалаларда «Жас тұлпар» ұйымдары жұмыс істеді. Ақмолада «Тың тұлпар» жұмыс істеді.  Семейде  — «Тайшұбар»,  Қарағандыда — «Жас қазақ». Жастар қозғалысы үлкен күшке айналып саяси сипат ала бастады.

Жастарға не айтасыз?

Өз елімен халқымен, соның жағдайымен өзін байланыстырған адам ол білімді болады. Сондықтан жастар өзін сезіну керек. Сені жаратушы нее үшіндүниеге келтірді. Соған қандай ерекше күш қуат қосып берді туғаннан соны білу керек. Екіншіденқиналғанда кең даланың әсеріоның ішінде халықтыңэпостары, қара сөздері үлкен демеу болады. Егер сен күрескер болсаң.Мысалы, біз жауымызды білдік. Біздің жауымыз Ресей қызыл империясы. Ашаршылыққа, түрлі жағдайларға келтірген. Соған біз қарсы шықтық.

-Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан

Әсел РЗАЕВА