Сот көз жасыңа сенбейді...
2011 ж. 31 мамыр
1698
2
Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің ісін қарап отырған судья Мейрам Жанғұттинов айыпкерді үйқамаққа ауыстыруды сұраған оның адвокатының өтінішін қанағаттандырды. Енді, Экс-министр Жақсылық Досқалиев үй қамағында отыратын болды. Сот төрағасы осындай шешім шығарды. Бұған дейін Досқалиевтің адвокаттары айыпталушының бұлтартпау шарасын өзгерту туралы бірнеше рет өтініш берген болатын. Астана қаласының қылмысық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында тағы 4 куәгер тыңдалды. Аталмыш сот процесінде Астанадағы Медицина университетінің профессоры Қырым Ахметов куәлік еткен кезде экс-министр жылап жіберген. Куәгер Досқалиевтің кәсіби біліктілігі жайында айтып, соттың әділ шешім шығаратынына үміт білдірген еді. Жалпы экс-министрге қатысты сот тыңдауы мамырдың 19 басталған.
Жақсылық Досқалиевке қарсы 79 томнан тұратын қылмыстық істе 250 адам куәгер ретінде аталған.
Әсел РЗАЕВА