Қазақстан мен Британия арасындағы серіктестік тереңдей түспек
2017 ж. 28 тамыз
2099
0
Британияның ғылыми орталықтары Қазақстанмен зерттеу және гуманитарлық салаларда байланыстарды тереңдетуге мүдделі екендіктерін білдірді. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі Әлемдік экономика және саясат институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Лондонда өткен кездесулер аясында сарапшылар Халықаралық саясаттың түрлі аспектеріне талдау жасау саласындағы қазақстандық және британдық «ақыл-ой орталықтарының» серіктестігі, алдыңғы қатарлы шетелдік сарапшылардың Астана Клуб шараларына қатысуы, сонымен қатар, білім саласындағы өзара әрекеттестік мәселелерін талқылады.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры Ержан Салтыбаев батыстың негізгі аналитикалық орталықтары мен зерттеу институттарының алдыңғы қатарлы сарапшыларымен және өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.
Нақтылап айтқанда, қазақстандық сарапшы Chatham House Корольдік халықаралық қатынастар институтында, Қорғаныс зерттеулері Біріккен Корольдік институтында (RUSI), Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтында (IISS), Wilton Park Форин-кеңсесі жанындағы атқарушы агенттікте және Герцог Эдинбургский қорында болып қайтты.
ӘЭСИ директоры Ержан Салтыбаевтың сөзінше, британдықтар білім мен гуманитарлық салалар бойынша қарым-қатынасты тереңдетуге мүделлі екендіктерін білдірді.
- Қазақстан Британия үшін Орталық Азиядағы ең ірі геосаяси ойыншылардың бірі ретінде қызықты. Екі ел басшылары арасындағы достық қарым-қатынас бүгінгі таңда қазақстандық және британдық «ақыл-ой орталықтарының» халықаралық саясаттың түрлі аспекттерін талдау саласы бойынша серіктестіктерін кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр, - деді Е. Салтыбаев.
Кездесулер барысында алдыңғы қатарлы британдық сарапшылардың Астана Клуб шараларына қатысулары талқыланды. Білім саласында жемісті өзара серіктестік орнату туралы келісімге қол жеткізілді, сонымен бірге, ғылыми-аналитикалық және сарапшылық серіктестік туралы құжаттарға қол қойылды.
Кездесудің негізгі аспекті – қазақстандықтардың Герцог Эдинбургский қорының білім гранттарын жеңіп алуға қатысу мүмкіндігі туралы келісім болды.
ChathamHouse (TheRoyalInstituteofInternationalAffairs – Корольдік халықаралық қатынастар институты) – халықаралық қатынастар саласындағы британдық аналитикалық орталық. Екі журналды жарыққа шығарады: InternationalAffairs және WorldReview. ChathamHouse қызметінің мақсаты — өз мүшелеріне маңызды саяси үрдістер мен сын-тегеуріндерлі талқылауға мүмкіндік беру. ChathamHouse мүшелері өткізетін тәуелсіз зерттеулер мемлекет басшыларына сыртқы саясат мәселелеріне қатысты жаңа идеяларды әзірлеуге арналған. ChathamHouse зерттемелері баспасөз үшін халықаралық қатынастар бойынша басты мәселелерді қамтыған сарапшылық пікірлердің негізгі көзі болып табылады.
Қорғаныс зерттеулерінің Біріккен Корольдік институты (RoyalUnitedServicesInstituteforDefenceandSecurityStudies, RUSI) – қорғаныс мәселелері бойынша британдық аналитикалық орталық. Қазіргі уақытта Эдвард, герцог Кентский институт президенті болып табылады.
Халықаралық стратегиялық зерттеулер институты – саяси-соғыс шиеленістерін зерттейтін зерттеу орталығы, штаб-пәтері Лондонда орналасқан. 1958 жылы негізі қаланған институт ядролық қаруды таратпаумен қаруландыруды бақылау мәселелерін болдырмау бағытынды жұмыс істейді.
Ұлыбритания СІМ жанындағы Wilton Park Атқарушы агенттігі 1946 жылы құрылған. Стратегиялық мәселелерді жаһандық деңгейде талқылау шараларын ұйымдастырады және жыл сайын Ұлыбритания ғана емес, шет елдерде де 50 астам шаралар өткізеді. Wilton Park шараларына алдыңғы қатарлы саясаткерлер, бизнес, ғылым, дипломатия, азаматтық қоғам мен БАҚ өкілдері қатысады. Халықаралық қауіпсіздік пен даму мәселелерін зерттеуге негізделген.
Герцог Эдинбургский атындағы білім премиясының негізі 1956 жылы қаланға. Оның мақсаты – жас адамдардың бойында өзі үшін және елі үшін жауап беру сезімін дамытуға көмектесу. Премия концепциясы жастарға тұлғаның жан-жақты ашылуын, өсуін, өз күшіне сенуін, жауапкерлішігін арттыратын қалаған іспен айналысуға көмектесуде мақсат тұтады. Қазіргі уақытта премия 130 елде беріліп, оған шамамен 7 миллион адам қатысады. Бұл премия әлемнің барлық жұмыс берушілері мен университеттері тарапынан мойындалған.