Ана тіліңіз есіңізге түсті ме, министр мырза?
2017 ж. 14 тамыз
3666
10
Елбасы төрт ай бұрын, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы жариялады. Мен сол бағдарламаны шынайы қолдаймын. Елдің болашағы осы бағдарламаға байланысты. Өйткені, ол бағдарламаның негізгі өзегі ұлттық-рухани код.
Бұл белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыровтың әлеуметтік желідегі парақшасында жазған пікірі. Сайыров өз жазбасына Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов пен Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевті "Қазақ тілінде сөйлеймін" деп берген уәделерін орындауға шақырды.
- Өткенсіз болашақ жоқ. Салт-дәстүр, қазақтың мәдениеті Қазақстан мемлекеті болашағының мəйегі. Өте дұрыс! Ал мәдениеттің жүрегі - тіл. Қазақ тілі! Біздің министрлер сол, қасиетті ана тілімізді қосымша деп есептейді. Мəйек емес, өзек емес, қосымша. Сөзінің басын қазақша бастап, ары қарай ұра береді. Басқа тілде. "Рухани жаңғырудың " миссиясын бұлар түйсігіне ала алмай жүр. Сүлейменов деген министр, Ақышев деген Ұлттық банктің басшысы "алты айда қазақша сайраймыз" деп еді. Сегіз ай болды, тосып жүрмін. Əлі жоқ. Бұлар бізді "ұмытшақ" ауыруы бар кеңкелес деп ойлайды деймін. "Сенім" деген ең негізгі категория. Ана жігіттер осыны түсінеме екен. Өте қарапайым формула. Айттың, іс-жүзіне асыр. Болды. Тіл туралы айттыңба, істе. Рухани кодтың негізі тіл. Қазақ тілі. Осы тілді меңгермесек, сенім жойылады. Жаңғырту Ана тілін жаңғыртудан басталмақ. Аксиома... - деп жазды саясаттанушы өз парақшасында.
Қазақ үні