"Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, ағымдағы жылы мамыр айында Қазақстан xалқының саны 18 миллионға жетті. Осылайша, 11 мамырда 18 миллионыншы адам дүниеге келді. Ол Алматы облысы Талдықорған қаласының тұрғыны - Мүслима Саматқызы. Мүслима отбасыда екінші бала. Анасы - Омарxанова Диана Ерікқызы, мамандығы - дефектолог. Әкесі - Бестібаев Самат Еркінбекұлы, ұстаз", - деді Сүлейменов Астанада өткен арнайы баспасөз мәслиxатында.
Министрдің айтуынша, баланың анасы 1991 жылғы, ал әкесі 1982 жылы туған. Нәрестенің өзі салмағы - 3300 грамм, бойы 51 см болып дүниеге келген.
"Жалпы, тәуелсіздік жылдары халық саны 1 562,5 мың адамға немесе 9,5%-ға өсіп, ағымдағы жылдың 1 маусымға 18 014,2 мың адамды құрады", - деп атап көрсетті министр.
Ал енді, factcheck.kz басылымы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2017 жылғы 1 сәуір күні шығарған ресми мәліметінде халық саны 17 975,8 млн деп көрсетілген. Яғни, 18 миллионға жету үшін әлі 24 200 адам жетпейді, - деп хабарлайды.
Сонда аталмыш басылымның жазбасына сенсек, Ұлттық экономика министрі өтірік айтып, ЖАЛҒАН ақпарат таратқан болып тұр ғой?
Осы орайда "Қазақ үні" ұлттық порталы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ҚР БАҚ туралы заңына сәйкес, БАҚ арқылы ресми сауал жолдайды:
Қазақстан халқының саны 18 миллионнан асқаны рас па, жалған ба? Егер логикалы түрде ойлап қарасақ, 11-мамырда Қазақстанда 18 миллионыншы сәби дүниеге келді. Алайда, сол күні одан кейін Қазақстанда сәби дүниеге келмеді деп ешкім айта алмайды. Яғни, Тимур Сүлейменовтың сөзі рас болса, онда халық саны 18 миллионнан асқаны рас. Әрине, күллі қазақ бұл қуанышты хабарды қуанышпен қарсы алғанын да атап өткіміз келеді.
Ал егер, factcheck.kz басылымы ЖАЛҒАН деп үкім айтып, өздері жалған ақпарат таратып отырсы, демек бұл басылымның "аты затына сай еместігі". Себебі, басылым "бір айдан астам уақыт керек" деп күмән келтіріп тұр. Айына небары 19 мыңнан астам сәби дүниеге келеді деп жазады. Яғни, бұл ұстаным бойынша сараласа, 18 милллионнан тек мамырдың ортасында не соңғы ширегінде ғана ел саны асуы қажет. Демек, министрдің сөзін де жоққа шығарып отыр.
"Қазақ үні" ұлттық порталы бұл ақпаратты жіті тексеріп, алдағы уақытта нақты хабарлайды.
[caption id="" align="aligncenter" width="625"] Д. Сорос[/caption]Атап өту керек, жоғарыда аталған сайт "Сорос-Қазақстан" қорының қаржылық демеушілігімен құрылған екен. Аталмыш қор елімізде бірқатар шулы оқиғалармен есте қалды. Мысалы, 2016 жылы БАҚта Қазақстанда адам құқығын қорғауға қатысты-мыс митингтер өтуі мүмкін екендігі жазылған. Қоғам белсенділерін даярлауды атышулы америкалық лоббист Джордж Сорос өз мойнына алғаны туралы айтылды. Тіпті бұл туралы қордың сайтында жарияланған. Сол кезде белгілі ресейлік саясаттанушы Дмитрий Дробницкий бұл шараны "АҚШтың саяси ойыны" деп атаған болатын.
- Қазақстанда жастар ісімен сегіз жыл көлемінде Ұлттық демократияны қолдау қоры айналысып келеді. Бұл қорды тікелей АҚШтың Мемлекеттік департаменті қаржыландырады. АҚШ билігі осылайша елде тұрақсыздық туғызып, қазіргі президент Н. Назарбаевты тайдырып, өздеріне қажетті билікті жасақтауды көздеп отыр. Мұның барлығы ТМД аумағын басқару үшін жасалып отыр, - деді мәлімдеді сол кезде Дмитрий Дробницкий.
Сонымен қатар, camonitor.kz сайтының хабарлауынша, Сорос қоры көршілес Өзбекстанда мемлекеттік тіркеуден өтпей қалған болатын. Өзбекстанның Әділет министрлігі таратқан ақпарат бойынша, Қордың жұмысы Өзбекстанның ұлттық мүддесіне қайшы келіп, мемлекет саясатын дескредитациялауға бақытталған. Ал, Қазақстанның одақтасы Белоруссия мемлекетінде қаржылық шикілік салдарынан қор жұмысы тоқтатылып, оның барлық шоттары бұғатталды. Белоруссия Сорос қорына 3 миллион доллар айыппұл төлеуді міндеттеген. Тағы бір ерекше атап өтерлігі, Хорватия президенті Франьо Туджман болса, Сорос қорының жұмысын "өте қауіпті саяси ойын" деп атаған болатын.
Осыған орай, Сорос қорының жаңа ақпараттық басылымы қандай мақсатты көздейді деген заңды сауал да туындайды. Отандық БАҚта жарияланған ақпараттың "рас-өтірігін" жазу арқылы, халықтың отандық БАҚқа деген сенімін әлсіретуден аулақ па? Қазақстан халқы бара-бара ҚР Ақпарат комитеті бақылап отырған отандық ақпарат көздеріне емес, сырт дереккөздердің айтағына еріп кетпесіне кім кепіл?
Алтай Сағидолда, "Қазақ үні" ұлттық порталы