Анасын үш жыл көрмеген министр көз жасын тоқтата алмады (ФОТО)
2017 ж. 23 шілде
7210
3
Йеменнің аймақ істері бойынша министрінің көп жылдан кейін анасымен қауышып, жылап тұрған суреті әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы islam.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл аймақтағы ұзақ жылғы соғыстың салдарынан жақындарынан айырылған адамдардың жай-күйін көрсететін сурет, - деп жазады желі қолданушылары.
Министр Абдул Ракиб Фатх анасы тұрған елді-мекен блокадада қалып қойғасын оны үш жыл көрмеген.