ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жолданды
2017 ж. 16 шілде
1571
0
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың ісі сотқа жетті. Оған "мемлекеттік құпияны жариялады" деген айып тағылған, - деп хабарлайды abai.kz.
"Нартай Дүтбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу биыл 4 шілдеде аяқталды. Істі Ақмола облыстық әскери гарнизоны қарады", - деп хабарлады ҰҚК. Тергеу "құпия" грифімен жүргізілген.
Ұлттық қауіпсіздік комитетін 2001 жылдың желтоқсанынан 2006 жылдың ақпанына дейін басқарған Дүтбаев 2016 жылы 26 желтоқсанында ұсталды. Сол күні істегі екі күдікті - шенеуніктер Нұрлан Хасен мен Ерлан Нұртаев қамауға алынды. Үшеуі де мемлекет құпиясын жариялаған, билігін және қызмет бабын асыра пайдаланған деген күдікпен ұсталды.
Өткен аптада хабарланғандай, Астанадағы сот Дутбаев пен басқа да сотталушыларды тұтқында ұстау мерзімін 26 шілдеге дейін созған.