Солтүстік Корея жер бетінің кез келген нүктесіне зымыранмен соққы жасай алатынын ескертті

© РИА Новости

Солтүстік Корея Корей халық армиясының стратегиялық әскері (КХА) күнін атап өтіп, зымырандарымен жер бетінің кез келген нүктесіне соққы жасай алатынын ескертті, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Елдің орталық партия газеті "Нодон синмун" осыған байланысты Пхеньянда өткен шерудегі солтүстіккореялық зымырандардың түрлі-түсті суреті бар мақала жариялады.

"КХА стратегиялық әскері қалаған уақытында жер бетінің кез келген нүктесіне соққы жасай алады", - деп жазады газет. Басылымның мәліметінше, ұшырылған жүз зымыранның жүзі де сәтті болады, себебі "жылдам ұшыру мобиль қондырмаларының арқасында бұл зымырандарды анықтау қиын".

Кореяның Еңбек партиясының ОК баспасөз органы осыған байланысты сәтті сынақтар жүргізілгенін, нақты айтқанда "Хвасон-12" жоғары орта қашықтықтағы жаңа және "Пуккыксон-2" орта радиустағы баллистикалық зымырандардың, сонымен қатар "жер-кеме" класындағы қанатты ұшақтарының сынақтан сәтті өткенін еске салып отыр. Сондай-ақ, газет АҚШ-тың әскери базаларына соққы жасау туралы өткен жылғыдай тікелей қатер жайлы жазбапты.

Солтүстік Корея БҰҰ ӨҚ санкцияларына қарамастан Құрама Штаттардың тарапынан әскери қатер болады деген сылтаумен ядролық және зымыран қаруларын жасаумен айналысып жатыр. Пхеньянның әскери белсенділігі әлемде ядролық қарудың таралмау режимін бұзады деп дабыл қағылып отырғандықтан, халықаралық қоғамдастық КХДР-ден ядролық және зымыран қарулануын тоқтатуға бел буған.