Экс-Президент өлім жазасына кесілді

3
2459

КХДР соты Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Пак Кын Хені сырттай өлім жазасына кесті.

Солтүстік Корея соты Оңтүстік Кореяның экс-президенті Пак Кын Хе мен Оңтүстік Корея барлау қызметінің басшысы Ли Бен Хоны сырттай өлім жазасына кесті. Ресми Пхеньянның мәліметінше, Пак Кын Хе мен Ли Бен Хо Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға қастандық жасамақшы болған.

КХДР мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша Пак Кын Хе мен Ли Бен Хо 2015 жылы Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға қастандық жасап өлтірмекші болған.

Оңтүстік Кореяның экс-басшысын өлім жазасына кесуге Солтүстік Корея мемлекеттік қауіпсіздік министрлігі, орталық прокуратура және қоғамдық қауіпсіздік министрлігі келіскен.

Пак Кын Хе президенттіктен 2017 жылдың наурыз айында импичмент нәтижесінде кеткен болатын. Қазіргі таңда оның үстінен жемқорлық, қызметін асыра пайдалану, мемлекеттік құпияларды жария ету сынды баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған.

“The Qazaq Times”

3 ПІКІРЛЕР

  1. Сәлеметсіздерме мен екі баламмен үйсіз журмин жолдасым бар менин тек арманым баспаналы болсам екен

  2. Қазақстанда да осындай заңды қолдану керек,Қылмыс жасау,ағайын туған,жора жолдас,тағы басқаларды жинау,осының бәрі ұйымдасқан қылмыстық топ құруға әкеліп соғады,Пара алған шенеуніктің дипломын іске аспайтын етіп тастау керек,Түрмеден кейін басшылық қызыметте істетпеу үшін,қарапайым рабочий болып істесін өмір бақи,Сондай болғанда ғана парақорлықты жеңуге болады,Параман ұсталған адамды босатып жібру деген не сұмдық,әнебір кариске ұқсатып,Құрани каримде адам баласы қалай өмир сүру керек барі айтылған,ғасырлар бойы өзгермейді,Бізде басқаша күнде өзгертеді,қарапайым халыққа түк те пайдасы жоқ,10сотық жерді бере алмай әлі жүр,ол да қалай берілетіні әлі белгісіз,Ашық жатқан жер алпауыт мемілекеттер үшін көздің құрты,қандай қызғанышпен қарайтыны белгілі,асты мен үстіндегі байлықты айтпағанда,Қытайға жер беру,отанды сату,Бізде қанша оқыса да, оқымаған адамдардан білігі шамалы шенеуніктер толп жатыр,соның үшін олардың дипломын өмір бақи пайдаға жарамайтын етіп тастау керек,Қандай оқымысты болса да жұысын таза істемесе, не заменими етіп көрсетпеу керек,Құдайға шүкір артымызда сауатты жастар өсіп келе жатыр,бәрі де жетеді,

  3. Мне Әділдік бар ел Қарамаиды Сен кімсің Президентпа Жәи Азаматпа Заң алдында бірдеи Мне Демократиядеген Көршісі С Корея қандаи Екеуіде бір қалық Басқру жүиесі екі түрлі Даму деңгеиіде Әрқилы Бұлдеген сөз Ұлтқа Баиланысты емес Басқару жүиесіне баиланысты

Пікір жазу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз