Өзбекстанда президентті мақтауға тыйым салынды
2017 ж. 10 маусым
4157
18
Жуырда Өзбекстан билігі президентті мақтап ән салуға тыйым салды. Бұл туралы “Азаттық” хабарлайды.
“Мемлекет басшысына арнап ән салу, оны мақтау әдепке жатпайды”, – дейді “Өзбекконцерттің” уақытша директоры Азамат Хайдаров. Мұндай шешім бірнеше апта бұрын президент Шавкат Мирзиеевке өзбекстандық әншінің арнаған “Менің сұлтаным” әнінен кейін қабылданған.
49 жастағы әнші, актриса Дильфуза Исмаилованың әні интернетте 21 мамыр күні жарияланғанымен, артынша қайта өшірілген. Әнде Мирзиеев “жер бетіндегі теңдессіз сұлтан”, “Құдайдың жердегі көлеңкесі”, “сүйікті адам” ретінде суреттеледі. Бейнероликте қазіргі президенттің әртүрлі шаралардағы суреттері көрсетілген.