Азат Перуашев Ресей Мемлекеттік думасындағы «Справедливая Россия» партиясы фракциясы төрағасының орынбасары Александр Романовичке «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекелік медалін табыстады
Елдер арасындағы партияаралық ынтымақтастық дәстүрі Астанада жалғасын тапты.
«Ақ жол» партиясы мен Ресейдің «Справедливая Россия» партиясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсімі «Ақ жол» ҚДП басшылығының «Справедливая Россия» партиясы Орталық кеңесінің халықаралық қатынастар бойынша Президиум хатшысы, VI шақырылым РФ Мемлекеттік дума төрағасының орынбасары, Социалистік Интернационалдың вице-президенті Александр Романовичпен кездесу аясында өтті. Қазақстан тарапынан меморандумға "Ақ жол" партиясы жетекшісінің орынбасары, Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев қол қойды.
Жан-жақты партияаралық қатынасты, өңіраралық байланысты, ортақ мүддені білдіретін саяси мәселелер бойынша ынтымақтасуды дамытуға, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарды жақындастыру мен үйлестіруге ұмтылуға келісті.
Партия өкілдері өз ұйымдары мен олардың парламенттік фракциясының қызметі, саяси бағдарламалардың негізгі бағыттары бойынша нақты іске асыру жұмыстары туралы ақпаратпен бөлісті.
"Ақ жол" партиясы төрағасы, ҚР Мәжіліс депутаты Азат Перуашев өз сөзінде ресейлік қонаққа Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы туралы айтып, әсіресе, ашықтық сана, білім мен технологияны тарту, ұлттық бірегейлікті сақтау мәселелеріне айрықша назар аударды.
«Ұлттық бірегейлікті сақтау және прогресивті өзгерістерге ұмтылу – біздің болашақ дамуымыздың материалды емес ынталандыруға қабілетті бола алады», – деп атап өтті және біздің мемлекеттігіміздің тарихына егжей-тегжейлі тоқталды.
«Ақ жол» жетекшісі «Справедливая Россия» өкілі Александр Романовичке өткен жылы "Ақ жол" партиясы мен Қазақстан тарихшылар қауымдастығының «Қазақ хандығына 550 жыл» мерекелік медалін табыстады.
"Кейбiр көршi мемлекеттердiн басшылары "Қазақтарда бұрын мемлекет болмаған" - дейдi. Ал, бiз 2015 жылы мемлекеттiлiгiмiздiн мерейтойын - Қазақ хандығының 550 жылдығын тойладық. Қазақ хандығы - Алтын Орданың, Түрік қағанаттары секілді әлемге әйгілі мемлекеттердiн жалгасы. Германия атауы бар мемлекет тек 19 ғасырдан бері пайда болса, Қазақ атымен белгілі мемлекет 15-ғасырдан берi бар екен. Мiне, бiздiң Ресейлік әрiптестерiмiз де оны бiлсiн деп, осы естелiк медальды тапсырып отырмын" - дедi Азат Тұрлыбекұлы.
Енді Мәскеу төріне де, Ресей партиясы басшылары «Қазақ хандығына 550 жыл» медалымен марапатталып баратын болды.
Ресейлік қонақ сондай-ақ "Ақ жол" партиясы Парламенттік фракциясының Парламент Мәжілісіндегі кеңсесіне келіп, ақжолдық депутаттармен кездесті.
qazaquni.kz