Сәләфиттер бізді жер бетінен жойып жіберуді көздеп отыр - БҰҰ елшісі
2017 ж. 02 маусым
6470
1
Біріккен Ұлттар Ұйымының адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ерікті елшісі, ирактік құқық қорғаушы, езидтік тектен шыққан Надя Мурад есімді 24 жастағы нәзік жандының айтуынша, қазіргі уақытта «Ислам мемлекетінің» қол астында кем дегенде 3 мың әйел тұтқында отыр.
Бұл туралы oinet.kz хабарлады.
Мурадтың өзі бір кездері «Ислам мемлекетінің» тұтқынында болған. Содырлардың небір айуандық әрекеттеріне куә болған.Н.Мурад бірінші кезекте лаңкестерді қаржыландыру көзінен айыру керек деп есептейді.
-«Ислам мемлекеті» бізді жер бетінен біржолата жойып жіберуді көздеп отыр. Өйткені олар бізді-езидтерді кәпір санайды,- деді Мурад.
Оның айтуынша, «Ислам мемлекеті» әйелдерге қарсы жыныстық сипаттағы небір ауыр қылмыстарды жасаған. Алайда шығыста жыныстық қылмыстар туралы көп айтыла бермейді. Дегенмен ол езидттерді Ислам мемлекетінің содырлары жасаған қатыгездіктерді бүкіл әлемге айтып беруге шақырды.
25 мамырда «Ислам мемлекетіне» бағынышты содырлар Филиппиннің Марави қаласының бір бөлігін басып алды. Содырлардың қолында кемінде 14 кепіл отыр.