Әзімбай Ғали - Фейсбук аман болса қазақ тілі жеңе береді
2017 ж. 23 мамыр
3202
6
Қазақ тілі керек, ағылшын тілі - жеке пән ретінде керек, оған орыс тілінің біраз сағаттарын беріп қойса болды. Барлық ақпарат, теледидар орысша сайрайды. Алматының қазағы өзара орысша сөйлейді. Айтсаң - бәлеге қаласың, орысқа қазақша білу керектігі туралы айтсаң Елбасының сөзін келтіріп жанжалдаса жөнеледі.
Фейсбук аман болса қазақ тілі жеңе беретін сияқты. Билік тағы бір эксперимент ойлап шығармаса. Бізге керегі қазақ тіліне негізделген саяси ұлт қалыптасады. Ұлт теңдігі барда - шыққан тегің маңызсыз. Әр адам өз отбасының қамымен өз өзін асырайды. Қазақша сөйлесең болды.
Қазақ министрден қазақшаны талап ету оп-оңай - позитивтік дискриминация саясаты - жақсы амал. Қазақша сөйлемейтін қазақ Министрдің орнына қазақша сөйлейтін орыс, украин, неміс ұлтынан министр қызметіне қойса болды. Бұл саясаттың аты позитивтік дискриминация деп аталады.
Екінші маңызды принцип нормативтік ұлтшылдық. Адам және ұлт құқығын таптамай-ақ нормативті ұлтшылдық принциптерін орнату.
Францияда шенеуніктер француз тілінен басқа тілді пайдаланбайды - рұқсат жоқ. Германияда Меркель ханымнан саны көбейген түрік ұлты өкілдері төл мектеп сұрағанда: мектеп берілмейді - тұратын болсаңдар интеграцияланыңдар деді. Ресейде орыс тілін білмесең азаматтық та, қара жұмыста саған жоқ.
Әзімбай Ғали,