Қытай билігі 10 000 жемқор шенеунікті атып тастағаннан кейін елде оң өзгерістер орын алды

image

Бұл жай ғана статистика. Бірақ осы статистика Қытайдың жүйесін өзгертті десек қателескеніміз емес. Қытайда 10 000 шенеунік өлім жазасына кесілген.

2 жылда Қытай АҚШ-тың XX ғасырда шығарған цементінен әлдеқайда көп цемент шығарған. (4,9 гигатонн) Жолдарының ұзындығы 4 млн. шақырым. Бүкіл елде 300 мың көпір бар, оның 1000-ның ұзындығы 1 шақырымнан артық.

Ал 2016 жылға дейін Гонгкогтан Макао-ға дейін жететін көпір салу жоспарлануда. Жыл сайын 100 әуежай салынады. Адам айтса нанғысыз. Одан бөлек 28 шақырым болатын тоннель бар. Гуанчжоудан Гуйян-ға баратын поезд бір сағатта 510 көпірді және 236 тоннельді өтеді, осының бәрі 250 км/сағатта. 30 жылда Қытайдың тұрғын жері 8 есе кеңейген. 10 жылдан кейін Қытайда 220 қалада 1 млн. адам тұратын болады. Осының барлығы бір ғана статистиканың есебінен. 2000 жылдан бастап Қытайда 10,000 шенеунік өлім жазасына кесілген.

Назерке МҰСА,

Дереккөз: Қамшы